» » Цифрлық телехабар таратудың артықшылықтары

Цифрлық телехабар таратудың артықшылықтары

Әлем үнемі өзгеріп отырады. Өмірдің түрлі салаларына еніп жатқан заманауи технологиялардың қарқынды дамуы телевизия саласын да біржола жаулап алды.

Қазақстанда аналогты телехабар таратудың цифрға көшірілуі 2018 жылы басталды және шынымен де кең ауқымға ие болды. Цифрлық хабар тарату дәуіріне бірнеше облыс қадам басып, тұрғындарды қамту деңгейі 92%-дан асты. Елде аналогты хабар тарату 2025 жылы тоқтатылады деп болжанып отыр.
Бүгінде халықтың көпшілігі теледидар көреді. Бұл – ақпарат таратудың маңызды құралы және әрбір азаматтың конституциялық құқығы болып саналады. Цифрлық хабар тарату – ақпараттар ағыны мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтерудегі жаңа сапалы қадам. Цифрландыруға көшу қоғам мен қазіргі заманғы техно­логиялардың даму динамикасын көрсететін ең ма­ңызды техникалық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси мәселе десек, артық айт­қандық емес.
«Цифрлық» телевизияның ерекшелігі неде? Цифрлық хабар тарату – сигнал беру жылдамдығы жо­ға­ры жаңа буын телевизиясы. Ол көп­­те­ген мүмкіндіктер мен қыз­мет­­терді ұсы­нады: көп арналар, сурет пен ды­­быс­тың үздік сапасы, элек­трон­дық ­пош­та, мультимедиялық қосым­шалар, радио, батырманы бір басу ар­қылы экранға шығатын элек­трон­дық хабарлар бағдарламасы, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңа­шыл­дықтар. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрер­мендерге, тіпті ең алыс елді мекендерге өзінің бастапқы түрінде, бөтен шу мен бұрмаланусыз жетеді.
ЦЭТВ-ға көшу телевизиядағы жаңа бағытқа жол ашты. Ол іс жү­зінде кейінгі ұрпақтың ұялы бай­ла­­ны­сы­мен тығыз байланысты, теле­­­визия бағ­дарламаларын бөлме ішінде де, жүріп бара жатқан көлік ішінде де, мобильді құрылғыларға да қабылдауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ цифр­ландыру шағын елді мекендердің тұрғындарына да аналогты пішімдегі 2-3 телеарнаның орнына, цифрлық 15 телеарнаны қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оларды таратуға кете­тін электр энергиясының шығы­нын едәуір азайтады.
Қазақстандықтар отандық телеарна­ларды цифрлық сапада және ай сайынғы төлемсіз көре алады. Олар­дың саны облыс орталық­тары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалаларында 30-ға жуық, ал өңір­лердің елді мекендерінде 15-тен кем емес. Телеарналар екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде ұсынылады.
2025 жылға қарай цифрлық эфир­лік телевизиямен Қазақстан Республи­касы халқының кем дегенде 98%-ын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Сіз тұратын елді мекенде цифр­лық сигналдың бар-жоқтығы туралы сұрақтармен сall-орталыққа қалалық телефоннан 193 және ұялы телефоннан 8 8000 800 193 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз – қоңырау шалу тегін.





27 тамыз 2022 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 390

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 468

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930