» » Отбасы құндылығы насихатталды

Отбасы құндылығы насихатталды

Отбасы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Алғаш дүние есігін ашқанымызда қым-қиғаш өмірдің салқынын сездірмей, аялы алақан мен мейірімді жүректің шуағына бөлейтін де осы жер. Осында қабырғамыз қатайып, буынымыз бекиді. Ата-анамыздың қамқорлығы мен тәрбиесінің арқасында өмірдің қатал заңына қарсы тұрудың да қыр-сырын меңгереміз. Әйтеуір, отбасының тыныштығы мен жарасымы алдағы өміріміздің көрсеткіші іспеттес. Осы ретте аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылықтарын сақтау және дәріптеу» тақырыбында кездесу өткізілді. Жиынға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, «Ораз ахун» мешітінің имамы Айбол Қали және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Жалғасбек Ысқақов, жас отбасылар мен жастар қатысты. Кездесу барысында отбасының құндылықтары, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдері туралы әңгімеленді. Көргені мен түйгені мол қонақтар жастарға өмірлік мысалдар келтіріп, тәлімді тәрбие төңірегінде сөз қозғады. Жастар да өмірлеріне қажетті кеңес алып, мұндай іс-шаралардың жастар арасында жиі өткізіліп тұрғанын қолдайтынын жеткізді. Себебі, жаңадан құрылған некенің ғұмыры ұзақ, шаңырақтың шаттыққа толуы отбасылық құндылықтың кеңінен дәріптелуіне тікелей байланысты.
«Қт» ақпарат
23 шілде 2022 ж. 1 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031