Жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіру маңызды
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Қазіргі таңда құқық бұзушылық әрекеттердің, соның ішінде жастардың арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, оның алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың тұлғасына тән құқықтық-адамгершілік санасын қалыптастырудың маңызы зор. Жастар өздерінің психикалық даму деңгейі бойынша тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуімен ерекшеленеді. Осыған орай, жастардың құқықтық санасының бұзылуына жол бермеу, олардың әлеуметтік-құқықтық нормалар мен құндылықтарды игерту мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше мән беру керек.
Тәнкеева Анар Әскербекқызы,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы төлемдерді
алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы.
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы төлемдерді
алдын-ала бақылау және өткізу тобының бас маман-бас қазынашысы.