Қоғам болып біріксек, дендеген дерт болмас еді

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке көп болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Қазір жастар неге жұмыссыз деген сауал көп қойылады. Жастардан сұрасаң "жұмыс жоқ" дейді. Енді кейбірі жұмыс берушінің "ставкасын" айтып тағы салы суға кетеді. Ел боламыз десек, алдымен осы дертті тыюымыз керек. Бұл тыйылмай өркендеу, гүлдеу, даму жоқ. Сол үшін "жемқорлық" сөзін қоғамда айтқызбай ғана қоймай, шын әрекет етіп, әр қазақ онымен қауқарлы күресуіміз керек.
Айгүл Абдулхамидова,
Кармақшы аудандық Қазынашылық басқармасының
қаржы және шарттарды тіркеу тобының бас маман - бас қазынашысы