» » Колледждерде сырттай оқуға болатын мамандықтар саны қысқарды

Колледждерде сырттай оқуға болатын мамандықтар саны қысқарды

Елдегі колледждерде сырттай оқуға арналған біліктілік тізімі қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Екі жылдан астам уақыт бұрын 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын. Енді студенттер 53 біліктілік бойынша білім ала алады.
Сырттай оқу студенттерге сапалы дағдыларды бермейтіндіктен, министрлік оларды қысқарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізді. Бұл жолы сырттай оқу «Құқық», «Білім беру», «Сервис, экономика және басқару» және басқа да кадрларды даярлау бейіндері бойынша алынып тасталды.
«Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы кадрларды даярлауға қойылатын талаптарды еңбек нарығы мен жұмыс берушілер белгілейді. Ол үшін біз сырттай оқу түрінен бас тартып жатырмыз. Сондай-ақ мұндай шешімді қабылдауға түлектердің оқуды бітіргеннен кейін алатын білім мен дағдыларының жеткіліксіз сапасы себеп болды. Колледждер студенттерге жұмыс орнында білім алуға мүмкіндік беретін ірі кәсіпорындармен және бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейді. Яғни бұл оқытудың дуалды формасы. Бұл бүгіннің өзінде білім сапасына оң әсерін тигізіп келеді. Сырттай оқыту тізімінен талап етілмеген біліктіліктер, оның ішінде дайындық сәйкестігін ескере отырып, біреуіне біріктірілгендер алынып тасталды. Жалпы біз қысқарту жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н. Оспанова.




25 сәуір 2022 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930