» » Қаржыны теңге депозиттерінде сақтау тиімді ме?

Қаржыны теңге депозиттерінде сақтау тиімді ме?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер сауда-саттық кезінде Ресей рублін де қолданады. Сондай-ақ біз халықаралық валютадан бас тартпаймыз, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 


«ЕЭО-на мүше елдер кейбір тауар бойынша Ресей рублін қолданады. Шамамен 60% ғой деймін. Себебі ол Ресей. Қай елдермен біз сауда-саттық кезінде АҚШ долларын қолданамыз? Жалпы доллардан, әлемдік резервтік валютадан бас тарту жоспарымызда жоқ», деді Ә. Қуантыров.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі қазақстандықтарға қаржысын дифференциациялауға кеңес берді. Айтуынша қаржыны теңге депозитінде сақтау тиімді.
«Әрбір қазақстандық үшін ақшасын теңгемен депозитте сақтаған тиімді шығар. Қаражатты жақын уақытта алуды талап етпейтін депозиттерді теңгемен сақтауға болады. Ақша қолданбаған кезде көбейе беретіндей. Неге теңге деген сұрақ туындайтын шығар. Өйткені мөлшерлемесі долларға қарағанда жоғары. Азаматтар доллар нығайған сайын ұтылуы мүмкін. Бізде доллар депозиттерінің проценті төмен», деп кеңес берді ол.
Әрі қарай ол қаражатты бір активте сақтамауға кеңес берді. 
«Жеке өзім криптовалютаға ақша салмаймын. Оған ақша салу үшін белгілі бір уақыт пен құзіреттілік керек шығар. Президент әкімшілігінде жұмыс істеп жүргенімде осы мәселелерге қызығушылық танытқан едім. Оның үстіне қазір майнерлерге салық көбейтілмек. Криптовалютаның өскені бюджетке жақсы. Инвестициямен тәуекелшілдік қатар жүреді. Криптовалютада нақты актив жоқ. Сіз оны әмиянға салып алып жүре алмайсыз. Криптовалюта салынған әмияныңыз Қазақстаннан алыс жерде болады. Сондықтан барлығын бір себетке салмаған дұрыс. Тіпті, криптовалютаның ішінде «биткоин», «лаиткоин» секілді әртүрлі түрін таңдау қажет. Нарықта тренд өзгеріп отырады. Адамдар бірден көп ақша жоғалтуы мүмкін. Кейін шағым айтып жылайды», деді министр.




14 сәуір 2022 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031