Конституция
» » 1 сәуірде бірінші сыныпқа өтінімдер қабылдау басталады

1 сәуірде бірінші сыныпқа өтінімдер қабылдау басталады



Бірінші сыныпқа баратындар үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова хабарлады.
Баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен еркін нысандағы өтініш, емханадан 026/у-3 және 063/у нысанындағы анықтамалар, сондай-ақ туу туралы куәліктің көшірмесі және 3х4 екі фотосурет талап етіледі.
«Басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Кейде қоңырау шалып,  менен ПИК-тен немесе жұмыс орнымнан анықтама сұрап жатыр деп айтады… Бұл анықтамалар қажет емес. Мектепке қабылдау үшін тек 4 құжат қана қажет. 2022-2023 оқу жылына арналған болжам бойынга оқушылар саны артып келеді. Бірінші сыныптарға 420 мыңға жуық білім алушыны қабылдау жоспарланып отыр», – деп атап өтті спикер.

Талдау көрсеткендей, ата-аналардың 80% – ы электронды түрде жұмыс істегенді жөн көреді, сондықтан өтінімдер Еgov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы да қабылданады. Айта кетейік, бірінші сыныпқа туған күні желтоқсан айының соңында болатын балалар да бара алады.


30 наурыз 2022 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031