» » Қорымды қоқыстан тазартты

Қорымды қоқыстан тазартты

Тазалықты таразылайтын көктем мезгілі де келді. Қыстай қар басқан айналаның жай-күйі осы мезгілде айна қатесіз көрініп тұратыны белгілі. Жақында ауданның жастары кент сыртындағы Бодан қорымына тазалық жұмысын жүргізіп, жақсы іс көрсетті. Қазақ "Өлі риза болмай, тірі байымайды" демей ме?! Тазалық – имандылықтың жартысы екенін ұғынған ата-бабамыз қабірдің айналасын таза ұстау мұсылмандықтың бір белгісі дейді.
Жастардың ұйымдастырған сауапты ісіне аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов пен кент әкімі Шыңғыс Сыдықов қатысты. Тазалық жұмысын бастамас бұрын алдымен қорымдағыларға Құран бағыштап, қол жайды. Мұнан соң іске кірісіп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе мазарларға тазалық жұмысын жүргізді.
Ардақты Пайғамбарымыз бір хади­сінде «Құдай Тағала – жомарт құлдарын жақсы көреді, сонымен қатар тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар» деген. Яғни Жаратқанның жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіңіз келсе, қоршаған ортаның тазалығына мән беру керек екенін ескерткен.
Тазалық барысында жастар қо­қыстарды қапқа жинап, көлікке тиеді. Бейіттердің айналасын кесек сынықтарынан арылтып, қалыпқа кел­тірді. Қисайған шарбақтарды түзетіп, бойын тіктеді. Осылайша игілікті іс арқылы нағыз имандылықтың сипатын көрсетті.
– Дүниеден өткен ата-ба­ба­ла­ры­мызға, барша мұсылман қау­ымына құрмет көрсету – жер үстінде жүрген мына біздердің парызымыз. Мұнда жақындарына Құран бағыштауға келген әр адам тазалық сақтауы тиіс. Болашақ ұрпаққа осыны үйретуіміз керек, – дейді олар.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
29 наурыз 2022 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930