» » Әскери мектептің түлектері ант берді

Әскери мектептің түлектері ант берді


Қызылорда гарнизонында Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің 21 сарбазы Отан алдында әскери ант берді.
Курсанттар қырық күндей аталған техникалық мектепте жоспарға сай қажетті даярлықтарын шыңдады. Әскери-техникалық мектептерде ант беру рәсімі оқу процесі аяқталғаннан кейін өтетіні белгілі. Сарбаздар әскери ант бергенге дейін «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында екі мәрте қарудан оқ атып, тактикалық дайындықтарын дамытты. Білікті мамандардың арқасында нағыз әскери тәртіпті бойларына сіңіре білді. Түрлі әскери теориялық сабақтарды оқып, білгендерін іс-тәжірибеде қолданды.
Әскери-техникалық мектептерге іріктеу жергілікті әскери басқару органдары өкілдерімен жылына 7 рет өткізіледі. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебі жылына шамамен 130-дан астам азматтарды оқуға қабылдайды.
Курсанттар оқу барысында тактикалық, жауынгерлік және атысқа дайындықтың ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысады. Әскери-техникалық мектеп қысқа мерзім ішінде жас өрендердің әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер ашуда.
 - Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеу қажет. Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебінің ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Аз ғана уақытта әскери тәртіпке баулып, нағыз жауынгер қандай болу керкектігін үйретті. Қарусыз және қоршауда қалған жағдайдағы неше түрлі қоян-қолтық жекпе-жек өнерімен жаттықтық. Осы мектепті бітірген соң әскери қызмет атқарсам деген ойым бар, - дейді әскери-техникалық мектебінің түлегі  Жұмағұл Жамбыл.
Бұл – ағымдағы жылдың әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектердің 1-ші легі. Қызылорда қаласы әскери - техникалық мектебі алдағы уақытта да Отанға адал қызмет ететін мамандарды қабылдауын жалғастырады.
Соңғы жылдары әскери-техникалық мектепті «атқыш» мамандығы бойынша аяқтаған түлектер ішінен Қарулы Күштерімізге қызмет ететін азаматтардың саны артқаны байқалады.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
18 наурыз 2022 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930