» » Сақтандыру бойынша азаматтарға қандай медициналық көмек тиесілі?

Сақтандыру бойынша азаматтарға қандай медициналық көмек тиесілі?

Азаматтар «Маған сақтандыру не үшін қажет, не үшін жарна төлеймін, МӘМС маған не береді?» сипатындағы сұрақтарды жиі қояды. Себебі көпшілігі МӘМС жүйе­сінде қандай медициналық көмектерді тегін алуға бола­тынын біле бер­мейді. Сондықтан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жү­йесі бойынша тізбеге қандай қызметтер кіретіні және сақ­тан­­дырылған азаматтардың қандай құқықтары бар екені туралы ақпарат беруді жөн көріп отыр», дейді Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фи­лиа­лының баспасөз қызметі.



Елімізде көрсетілетін медициналық көмектің көлемін арттыру үшін МӘМС жүйесі енгізілгені белгілі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылы халыққа медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылмаған аза­мат­тарға да көрсетіледі, оған шұғыл жағ­дай­ларда медициналық көмек, учаскелік ма­манның қабылдауы, шұғыл операциялар, әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, т.б. кіреді (толық тізбемен Қор сайтында мына сілтеме бойынша танысуға бо­лады: https://fms.kz/press-center/press-relizy/34732/).
МӘМС бойынша тізбеде меди­ци­на­лық көмек «САҚТАН­ДЫ­РЫ­ЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға көрсетіледі. Бұл ретте 15 жеңілдік санатындағы 11 млн адамға мемлекет жарна төлейді. Бұл адамдар сақтандырылған және қосымша ақысыз медициналық көмек алуы тиіс.
МӘМС бойынша көрсетілетін меди­­циналық қызметтер тізбесіне мы­­на­лар кіреді:
Амбулаториялық жағдайдағы меди­циналық көмек (ауруларды диаг­нос­­тикалау және емдеу):
- скринингтік зерттеулер;
- МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бо­йынша бейінді мамандардың консультациялары;
- ауруларды диагностикалау және емдеу;
- халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек;
- күндізгі стационар және үйдегі стационар;
- рәсімдер мен манипуляциялар;
* Тәулік бойғы стационарда ауруларды емдеу және диагностикалау. Бұл жерде біз барлық аурулар бойынша медициналық көмек туралы айтамыз, соның ішінде қымбат тұратын оталар, мысалы, кардиологиялық, орто­пе­дия­лық, есту органдарына жасалатын опера­ция­лар және т.б.
* Диагностика және емдеу хаттамаларында көзделген барлық аурулар бойынша медициналық оңалту;
* Скринингтік зерттеулерді, операцияларды және т. б. жүргізу кезінде био­ма­териал жіберілетін гисто­ло­гия­лық, ци­тологиялық және басқа да зерттеу­лерді қамтитын пато­ло­гия­лық-ана­томиялық диагнос­ти­ка;
* транспланттау кезіндегі диагнос­ти­ка­лық зерттеулер;
* Дәрілік заттармен және медицина­лық бұйымдармен қамтамасыз ету.
«Шұғыл көмек сақтандырылмаған адамдарға да көрсетілетінін білген жөн, өйткені ол ТМККК шеңберінде жүргізіледі. Алайда медициналық көмек жоспарлы түрде МӘМС-те ұсынылады. Сақтандырылған тұлға мәртебесіне ие бола отырып, пациент медициналық қызметтердің көптеген түріне қол жеткізе алады. Бейінді мамандардың қабылдауы, әртүрлі талдаулар, КТ, МРТ, УДЗ, рентген, ЭКГ секілді құны қымбат зерттеулер, көптеген аурудың диагностикасы, оңалту қызметтері, жоспарлы операциялар МӘМС тізбесіне кіреді. Яғни бұрын ақылы негізде көрсетілген қызметтерді сақтандырылған азаматтар қа­зір тегін ала алады», деп түсіндіреді Қордың елорда филиалының баспасөз қыз­меті.
«Сақтандырылған» мәртебесін алу үшін алдыңғы 12 айдың жарнасын төлеу қажет, ал БЖТ төлеушілерге соң­ғы айларда, соның ішінде ағымдағы айларда үш рет уақтылы төлем жасалуы жеткілікті. БЖТ төлеушілер үшін сақтандырылу мәртебесі төленген айдың соңғы күніне дейін әрекет ететіндігін есте сақтау қажет. Мысалы, егер МӘМС үшін төлем ақпан айында болса, онда 1 наурыздан бастап БЖТ кезекті төлемін жасамаса, адам сақтандырылмайды. Егер ағымдағы кезеңде немесе алдын ала төлем болмаса, мәртебе жоғалады және оны қалпына келтіру үшін БЖТ-да үшінші бірізді төлемнің басталуын қай­тадан күтуге тура келеді.
Егер сізде сақтандыру мәртебесін алуға немесе медициналық көмек алуға қа­тыс­ты сұрақтар туындаған болса, әрбір медициналық ұйымда бар Па­циент­ті қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot.
рв




17 ақпан 2022 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 329

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 419

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930