» » Әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданып жүрміз?

Әлеуметтік желіні қандай мақсатта қолданып жүрміз?


ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРСІЗ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС БОЛЫП БАРАДЫ. ҚАЙДА ҚАРАСАҢ ДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ШҰҚШИҒАН АДАМДЫ КӨРЕСІҢ. ЖАСЫ ДА, ЖАСАМЫСЫ ДА ТЕЛМІРІП ОТЫРҒАНЫ. КҮН САНАП ҚАТАРЫ ТОЛЫҒЫП ЖАТҚАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ЕСЕП ЖОҚ. WHATAPP-ТАН БАСТАП INSTAGRAM, TWITTER, YOUTUBE, TELEGRAM, FACEBOOK ДЕП ЖАЛҒАСЫП КЕТЕ БЕРЕТІН ЖЕЛІЛЕРДІҢ АТАУЫН ТҮГЕНДЕУГЕ САУСАҒЫҢ ДА ЖЕТПЕЙДІ.
Аталмыш желілердің пайдасын ешкім жоққа шығара алмайды. Көзді ашып-жұмғанша хабар алып, хат жазысып, жақыныңның саулығын біліп, уақытыңды үнемдеп отырсаң не өкпе?! Бірақ, солай жасап жатырмыз ба? Ертеден кешке дейін біреудің өмірін, көпірме көңілін, қызыл-жасыл көйлегін, жалпы айтқанда аузынан шыққан әр демін аңдып отыратындарды, ойына келгенін жазып, адамның көңіліне қарау, бір-біріне демеу болу сынды адами қасиеттердің жоғалып бара жатқанын көргенде сол бір әлеуметтік желілерден безіп кеткің келеді.
«Жетейін десем жете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай», – дегенді:
«Кетейін десем кете алмай,
Жүрген жоқпын ба-ай», – деп айтатын күйге жеттік. Расымен, бас тарта алмаймыз. Баламыздың сабағы, балабақшаның жаңалығы, жұмыстағы жиналыс, жаңалықтың соңғы легі – бәрі-бәрі осы желілермен тығыз байланысты. Сәл жырақтасаң, бүкіл дүниедегі қызықтан құр қалғандайсың. Тіпті, ас пен тойға да шақыртуды осы әлеуметтік желіден аласың. Бас тартып көр осыдан кейін. Нағыз «үңгірден шыққаның» кебін киесің.
Бір кездері әлеуметтік желі ар­қылы танысып, бірін-бірі көрместен шаңырақ көтергендерді де көрдік. Көбісінің отбасылық ортақ өмірі алғаш қол ұстасқан кездегідей жарасым та­­­уып, жалғасып кете қойған жоқ. Виртуалды әлемнің жасандылығын сол кезде бір түсінген едік...
Күн санап ерекше қарқынмен белең алып, көпшіліктің көңілін жаулап келе жатқан әлеуметтік желілердің пайдасы да көп біле-білгенге. Жаңалықтан қашып, тың нәрседен түңіле бергеннің де жөні жоқ. Тек жақсы мен жаманның, пайда мен зиянның ара жігін ажырата білсек болғаны. Бүгінгі таңда әлеуметтік желіні өзінің кәсібіне орай қолданып, нәсібін тауып жүргендер – жаңалыққа тез бейімделіп, мақсат қоя білген жандар.
Көрген-білгенінен ой түйіп, оны әдемі жазба етіп ұсынып, көпшілікке ой салып, жақсылыққа, жетістікке шынайы үндейтін, тек байлықты емес, рухани дамуға, көкірек көзін ашуға шақыратын парақша иелерін көргенде әлгінде ғана аласапыран күйге еніп, көңілің жай таппай, тез арада мол байлыққа кенелудің жолын іздеген ашқұрсақ ішкі әлемің тау бұлағының суынан қанып ішкендей сәтке тап болатыны жасырын емес.
Белгілі бір кәсіппен айналысатындар үшін әлеуметтік желі – таптырмас мүмкіндік. Үйде отырып-ақ өзіңе ұнайтын шағын бір іспен шұғылданып табыс көзіне айналдыруға болады. Мейлі ол желілік маркетинг болсын, мейлі аспаздық өнеріңізді көрсетіп, дастарқанға қажетті тәтті-дәмді пісіріңіз, тек адал еңбек етіп, халыққа пайдалы дүние ұсына алсаңыз болғаны. Теледидарға телміріп, одан қалса ұялы телефонды құшақтап, елге қызығып отыратын кез емес. Қолыңыздағы сол бір кішкене техниканы пайдалы іске, дұрыс жолға қолдана біліңіз. Бір уақыт өзіңізге: «Мен инстаграмда қанша уақыт өткіземін?», «Маған мұның не керегі бар?», «Ватсаптағы группаларға жөнсіз фото, видео жібергенім дұрыс па?», «Мен уақытымды тиімді жұмсап жүрмін бе?» деген сынды сұрақтарды қойсаңыз болғаны. Жауабы да өзіңізге айқын. Содан кейін елеп-екшеп, таразыға салып, пайдасы басым түскен тұсын өз өміріңізге енгізуге асығыңыз, ағайын!
Лаура ҒАЛЫМҚЫЗЫ
15 ақпан 2022 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031