» » "NUR OTAN" партиясының ХХІ съезінде біршама міндеттер жүктелді

"NUR OTAN" партиясының ХХІ съезінде біршама міндеттер жүктелді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партияның Төрағалығына сайланып, жалпы қоғамға арнап сөз сөйледі. Ең алдымен, «Nur Otan» партиясының жаңа Төрағасы ретінде ол халқымызды дүрбелеңге салған қаңтардың басындағы қайғылы оқиғалар туралы айта келе, бұл Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауыр сынақ болғанын атап өтті. Президент қоғамның кемелдігі мен мемлекеттің күш-қуатын сынап көруге арналған емтиханды сәтті тапсырғанымызды атап айтты. Осы ретте Президент бұл оқиғалардың барлық себеп-салдарын қоғам терең талдап, тиісті сабақ алады деп санайды.
Екіншіден, Мемлекет басшысы бүгінгі қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларына түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екеніне назар аударды. «Азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқаруға тиіс» – деді ол.
Сондай-ақ, өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының жеке басына қатысты ел ішінде тарап жатқан түрлі жағымсыз әңгімелердің орынсыздығын айта келіп: «Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Ол Отанымыздың және әлем тарихында Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде қалатыны сөзсіз. Елбасының 30 жылда ел мүддесі үшін атқарған жұмысын жоққа шығаруға болмайды» деп, Нұрсұлтан Назарбаевтың нарықтық экономиканы қалыптастыруға, жан-жақты реформаларды жүзеге асыруға, Тәуелсіздіктің елең-алаң кезінде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген проблеманы шешуге қосқан үлесінің зор екенін еске салды. Сондай-ақ мемлекеттік шекараны рәсімдеуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, еліміздің геосаяси тұғырын нығайтуға және астананы көшіру ісіне сіңірген орасан белсенділігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Президент міндетінде болсын және партия қызметінде болсын, ең бастысы ел мүддесін қорғау қағидатын қатаң ұстанатынын жеткізді.
«Мен елімізді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін ұсынып отырмын. «Nur Otan» осы ұсынылған ауқымды мәселерді іске асыруға белсенді атсалысуы тиіс. Бірақ бұл үшін Nur Otan ең алдымен өзі жаңаруы міндетті. Бұл арада жадағай өзгерістер емес, түбегейлі қайта құруды қолға алуымыз қажет. Біріншіден, партия қатарындағы ынтымақты нығайту, қоғамның барлық сындарлы күштерін біріктіру, әртүрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін өз қатарымызға белсендірек тартуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай жаңарды. Соның ішінде білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты.
Съезде айтылған тапсырманы жүзеге асыру «Nur Otan» партиясымен қатар барлық азаматтық қоғамға да жаңа жауапкершіліктер жүктейтіні белгілі. Партия жұртшылық пен қоғамды Президенттің айналасына топтастыра алатын бірден-бір саяси күш!
Осындай іргелі бастауыш партия ұйымдарының бірі – біздің Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіндегі «Аграрлық» бастауыш ұйымында 1000-ға жуық партия мүшесі бар. «Nur Otan» партиясының жаңа Төрағасы білім, ғылым саласында жүрген тұлғаларға де үлкен міндеттер жүктеп отыр деп қабылдаймыз.
Президентіміздің қиын сағаттарда қабылдаған өткір шешімдерін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, білім мен ғылым саласындағы тапсырмалар мен міндеттемелерді заман талабына сай жүзеге асыра беретін боламыз.
Айдынбек СКЕНДІРОВ,
аудандық мәслихат депутаты
31 қаңтар 2022 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 354

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 435

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930