» » Мұғалімдер арасында дебат өткізілді

Мұғалімдер арасында дебат өткізілді


2022 жылғы 22 қаңтар күні №107 орта мектебінің мұғалімдері арасында Американдық парламенттік форматында (АПФ) "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебат жобасы аясында мектепішілік дебат турнирі болып өтті. "Қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек деп есептейді" қарарымен өткізілген дебат турнирінің мақсаты: ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Дебат турниріне 8 фракция қатысты. Олар: "Аманат", "Жалын", "Жүйрік", "Шамшырақ", "Болашақ жастар", "Элита", "Достық", "Болашаққа жарқын жол" фракциялары. Пән бірлестігінің сенімін арқалаған ұстаздарымыз өздерінің өткір ойлы, сөзге шебер екендіктерін пікірсайыс барысында дәлелдеп, сөз саптау деңгейін, ораторлық қабілеттерін көрсете білді. Дебат турнирінің нәтижесі бойынша жеңімпаз фракциялар анықталды. Айтулы шараның қорытынды бөлімінде мектеп директоры Нұрманов Бақытбек Мәнсүрұлы сөз алып, жеңімпаз фракцияларды марапаттап, Мадақтама табыс етті. Нәтижесінде:
1️⃣-орын: физика-математика, информатика пән бірлестігі бойынша "Аманат" фракциясы;
2️⃣-орын: тарих пән бірлестігі бойынша "Болашаққа жарқын жол" фракциясы;
3️⃣-орын: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі бойынша "Болашақ жастар" фракциясы.
Және де информатика пәнінің мұғалімі Жәмиева Салиха "Үздік спикер" номинациясына ие болды.

26 қаңтар 2022 ж. 2 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 181

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 301

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930