Құрылтай
» » Елдіктің жеті тұғыры

Елдіктің жеті тұғыры

Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Тасымова Зарипа Жаппарқызы Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Тұрмағамбет ауылында халықпен кездесу өткізді.
Тәуелсіз ел болу - әрбір ұлт үшін ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлт пен ұлыс болса, соның ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.
Тәуелсіздік біздің де ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы еді. Бүгінде сол арманымыздың орындалып таңымыздың арайлап атып, Егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев партияның маңызды жиынында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алғанымызды айта келіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар "Елдіктің жеті тұғыры" атты қағидатын ұсынды. Жеті санын бабаларымыз қасиетті сан деп пайымдаған.
Ел-халыққа Елдіктің 7 тұғыры таныстырылды.
1-ші Тәуелсіздік.
2-ші Бірлік пен келісім.
3-ші Жер - ата-баба мұрасы.
4-ші Отбасы мен салт-дәстүр.
5-ші Ұлттық мәдениет.
6-шы Білім мен еңбек.
7-ші Прагматизм - бәсекеге қабілетті болу.
Халық қызу қолдап, ризашылықтарын білдірді.
Зарипа Жаппарқызы
Қармақшы аудандық мәслихат депутаты, №29 мектеп директоры 

02 желтоқсан 2021 ж. 2 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31