» » Қақпанға түсіп қалмаңыз!

Қақпанға түсіп қалмаңыз!


– Ало, ало, сіз Қанағат Алдамжаров­сыз ба?
– Иә, иә дәл өзімін.
– Мен «Қазақстан ұлттық банк қауіпсіздік қызметі» маманы Айгерім Астамқұловамын. Сіздің атыңыздан алаяқтар бірнеше банктен несие рәсімдеп, алғалы жатыр. Біз тікелей сіздің құқығыңызды қорғайтын ұйымбыз. Дереу жеке куәлігіңіздің нөмірі мен ЖСН айта қойыңыз.
– Не дейді, қазір тұра тұрыңыз, куәлігімді тауып алайын, – дегені сол еді, үйдегі студент ұлы әкесінің телефонын дереу қолынан алды да:
– Беймәлім адамға қалай құжаттары жайлы ақпарат береді. Сіз кімсіз? – деді жалма-жан.
Ол да еш саспастан өзінің жұмысын жалғастырып, сендіріп әлек. «Тездетіңіз, тездетіңіз» деп қояды асықтырып. Сөздің аяғын тыңдамай тұтқаны қоя салған баласы әкесіне:
– Ол алаяқтар ғой, сеніп қалмаңыз. Мұндай жағдайдың түр-түрі белең алып жатқанын теледидардан көріп, газеттен естіп отырған жоқсыз ба? Қандай аңқау, сенгіш едіңіз, – деді жаны ашып.
Бұл – алаяқтық қадамның алғашқы сатысы. «Карта бойынша күдікті операция жүріп жатыр» деп ақшалай қаражатқа араша түскен сыңай танытып клиенттің шотынан ақша ұрлау үшін оны бірқатар әрекеттер жасауға мәжбүр етеді. Сондай-ақ бәрі шынайы көрінуі үшін олар банктердің және басқа да құрылымдардың ауысып кеткен нөмірлеріне қоңырау шалады. Әрі қарай алаяқтық оқиғаның желісі бірнеше сценарий бойынша жүреді.
Рас, өмірде ойландыратын, қоғамда қарның ашатын істер аз емес. Соның бірі тоқтамға келмей, қайта өршіп бара жатқаны – алаяқтықтың түр-түрі. Кейде адамның ойы жетпейтін қитұрқы әрекеттер жасап, сан соқтырып кететінін қайтерсіз.
Ананың жүрегі тым жұмсақ. Және ол баласының амандығын әркез тілейді. Қаншама ананы «Балаңыз қылмыстық іс жасап, полицияға түсті. Мен құтқаруға көмектесемін. Дереу мына нөмірге 100 немесе 200 мың ақша салыңыз» деп алдап, ақшасын алғанымен қоймай, жүрегін ауыртып кетіп жатқан жағдайды санасақ саусақ жетпейді. Біз қайда кетіп барамыз? Иә, біреудің қарғысымен ішкен ас адал болмайды. Ол түбі жақсылыққа жеткізбейтіні ақиқат. Дегенмен осылай бір-бірімізді тонап жатқанымыз өкінішті. Сондай істі жасап отырған өзіміз секілді қаракөз қыз бен жігіттер ғой. Олардың да ата-анасы, олардың да баласы бар шығар. Алаяқтықпен ақша табудың тағы бір қарапайым жолы WhatsApp, инстаграм желісінде. Жиі хабарласып жүрген жақын құрбы-танысыңыздың суреті қойылған белгісіз нөмір хабарлама жазуы мүмкін. Мысалы жазба былай өрбиді.
– Салем. Қалайсың? Жаным, саған бір шаруам болып тұр.
– Салем. Өзің қалайсың құрбым? Айта бер бұйымтайыңды, – дейсіз әдетте.
– Актив центрден телефон сатып алып жатыр едім. Мына жерде төлем бірлікпен екен. Каспийімде лимит бітіп қалыпты. Маған 1 сағатқа 50000 теңге бере тұршы. Мен шығып, картамнан шешіп, қайта салып жіберемін.
– Ондай ақша жоқ қой.
– Қанша бар еді? Барыңды бере берші? Болмаса бір сағатқа ала тұратын жерің бар ма?
Осылай іші бауырыңа кіріп тұрғанда оның алаяқ екенін қайдан білесің? Тіпті ол сен туралы толық ақпарат біліп, күдік тудырмас үшін жақыныңдай сырласа береді. Осындай бір хабарлама келген нөмірді әдейі тексеріп көрдік. Бір күн бақылағанымызда әлгі нөмір бірнеше сурет ауыстырған. Яғни, бір күнде бірнеше адамның образын сомдап, қанша адамды құрыққа түсіргенін кім білсін?!
Айта берсек, мұндай мысалдардың түрі көп. Интернет алаяқтығы поли­цийлердің де жүйкесін жұқартып отыр. Олар алаяқтардың арабауына түспеу жолдарын тізген жадынамалар жасап, елге түсіндіруде. Дегенмен осындай қылмыстар күн санап өсіп жатқанын айтып қынжылады.
Қақпанға түсіп қалмаңыз. Бастысы, сақ жүрейікші.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
09 қараша 2021 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031