» » Қазақстанда ең жас ЖОО ректоры тағайындалды

Қазақстанда ең жас ЖОО ректоры тағайындалды

Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды. Су жаңа басшы республика бойынша ең жас ректорлардың тізіміне енді. Бұл туралы университеттің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.


Бұған дейін ректордың міндетін университет проректоры Рахым Бекназаров атқарған.
Салтанатты шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.
«Осы университетке келудегі басты мақсат – кадр мәселесі. Конкурс жарияланып, Директорлар кеңесінің отырысында бұл мәселе бірнеше рет қаралды. Республикалық комиссияның шешімімен Лаура Қарабасова университеттің ректоры болып тағайындалды. Лаура Қарабасова М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебін үздік бітіріп, одан кейін осы университетте білімін жетілдіріп, кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы ең беделді ЖОО-лардың бірі Уорик университетін тәмамдаған. Сонымен қатар Назарбаев университетінде білімін жалғастырып, сол университетте менеджер мамандығынан бастап, департамент басшылығына дейін көтерілді. Осындай дүниежүзілік деңгейдегі білімімен, біраз тәжірибе жинақтай отырып Лаура Чапайқызы өз университетінде жұмыс істейтін болады», деді министр өз сөзінде.
Жаңа ректор Лаура Қарабасованың жасы 34-те. Осылайша ол республика бойынша ең жас ректор атанды.

10 қыркүйек 2021 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930