Құрылтай
» » Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар әкімшілік қамаққа алынды

Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар әкімшілік қамаққа алынды



Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты  2 әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көші-қон полициясының қызметкерлерімен шетелдіктің жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, қасақана мұндай рұқсатты алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін атқарып жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматы ұсталған. Олар Қазақстан Республикасына жұмыс істеп, табыс табу мақсатында келіп, тиісті органдардың рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп, табыс тапқан.
Сот екі шетелдікті жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танып, оларға 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
03 қыркүйек 2021 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 694
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31