» » "Олар өз ісінің маманы"

"Олар өз ісінің маманы"

«Бір тәулікте пәлен адам коронавирус пневмониясына шалдықты». Бұл күнделікті әр түрлі сайттар мен газет бетіне шығып отырған ақпарат легі. Алайда осы көрсеткішке сенбей, жалған ақпарат деп қараушылар көп. Әлі де бұл вирусқа күдікпен қарап, біреулердің астыртын әрекетіне санаушылардың қатары азаймай тұр. Бетперде тақпай, той жиындарға топтасып жиналып, өзгенің денсаулығына зиян келтіруде. Осындай олқылықтың кесірінен індет жұқтырып, емделіп шыққан кент тұрғыны – Руслан Губанов.
Науқас бұл дертпен отбасымен ауырғанын жасырмады. Бастапқыда жай ауру деп қабылдаған ол, уақыт өте жағдайы нашарлап, кейін дәрігерлердің тексеруімен пневмонияға шал­дық­қанын білген. Осылайша бір күнде отбасымен орталық аурухананың жұқпалы бөліміне түскен.
– Қоғамға індеттің қаупі туралы қанша ескертсе де оған атүсті қарап, сақтанбайды екенбіз. Оған дәлел отбасымызбен инфекцияға шалдығуымыз. Алдымен ұлым, сосын кіші қызым және әйелім ауруханаға түсті. Содан кейін маған да баруға тура келді. Тексерілу кезінде пневмония диагнозы анық­талды. Барлығымыз үшін ауыр түрде жан сақтау бөлімінде өтті. Бізден бөлек осы аурумен түскен науқастардың да жағдайы тым ауыр болды. Әсіресе үлкен­дерге тыныс алу қиын екен. Осыдан кейін коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін түсіндік, – дейді індетке шалдыққан науқас.
Руслан Вахидұлының науқастарды емдеуде күні-түн демей жанын салып қараған дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев және бас дәрігердің орынбасары Алтынай Жүсіповаға, сонымен қатар өз ісінің маманы болған білікті дәрігерлер Әділбек Сайранов, Жандос Мейірманов, Қасқыр Ермаханов, Айгерім Шүлтікова, Әсем Нау­рызбаева, Мира Ақбергенова, Айгерім Бегембаева, Аяжан Шаймаханова және басқа да қызмет көрсеткен барлық медбикелерге риясыз рақметін айтады.
– Олардың кәсібилігі, моральдық қолдауы, пациенттерге мұқият қарауы біз сияқты науқастарды толыққанды өмірге оралтады. Тәулік бойы олар денсаулықтарына қауіп төндіріп, біз­бен бірге болды. Осындай білікті және қамқор жандардың ауруханада ең қажет жерде жұмыс істейтініне қуаныштымыз. Жұқпалы аурулар бөлімінің барлық медқызметкерлеріне біздің отбасы мүшелерінің алғысы бөлек. Науқастарға деген мейірімділігі мен қарым-қатынасы медициналық емнен де асып түсті, – дейді Р.Губанов разы көңілмен.

Ерсін ӘЛІБАЙ

14 тамыз 2021 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031