» » Білім министрлігі мектептерді қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшірмек

Білім министрлігі мектептерді қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшірмек

Білім және ғылым министрлігі қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министрлік балалар сенбі күні де оқуы керек деп есептейді. Алайда ата-аналар мен балалар бұл жаңалыққа қуана қоймаған. 
ҰБТ-ға дайындалып жүрген 10-сынып оқушысы Айсұлу Зияданова 1 қыркүйектен бастап алты күндік білім беру жүйесі енгізілетініне наразы. Өйткені оқушы қазірдің өзінде уақытым жоқ, қосымша сабақтарға барып, күнделікті білім алып жатқан көрінеді. Сенбі күні оқу оқушылардың жүктемесін арттыратынын айтады. 
“Менің ойымша, алты күн оқып, бір күн демалу оқушылар үшін жеткіліксіз. Өйткені қазірдің өзінде қосымша сабақтар, тіл курстары, спорт үйірмелері бар. Қосымшалар сенбі күні де болады. Екі күндік демалыстың өзінде үлгермей жүрміз. Сондықтан алты күндік оқуды енгізбеу керек деп ойлаймын”, – дейді ол. 
Қазақстан 2016 жылдан біртіндеп бес күндік оқуға көше бастаған. Алдымен бұл бірінші сынып оқушыларына қатысты болса, ал 2018 жылы барлық сыныптар дерлік бес күндік оқу жүйесіне көшкен.
Парламент мәжілісінің депутаты, тәжірибелі мұғалім Ирина Смирнова шенеуніктер мұндай нәрселерді қоғам талқысына қойып, қажеттілігін түсіндіруі керек деп санайды. Оның сөзінше бұл үлкен дау тудыратын мәселе. 
“Өйткені сенбі мен жексенбі – бұл баланың отбасымен бірге болатын уақыты. Ал біз тәрбиенің ең маңызды кезеңі отбасында болатынын білеміз. Мектеп баланың тәрбиесіне жауапкершілік алмайды. Балаға көңіл бөлетін, тәрбиелейтін уақытта оны мектепке жіберу дұрыс емес”, – дейді парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова. 
Білім министрлігі алты күндік білім беру жүйесіне қайта оралуға қатысты шешімді мектептер өздері қабылдайтынын айтты. 
11 тамыз 2021 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031