» » Қазақстанда азаматтарды емханаға тіркеу ережесі өзгерді

Қазақстанда азаматтарды емханаға тіркеу ережесі өзгерді




Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркеу қатысты ережеге өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Жеке тұлғалардың емханаға тіркелуі оларға ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін) аясында және МӘМС (міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) жүйесінде жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алуға мүмкіндік береді.
Құжатта көрсетілгендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында азаматтарға ұсынылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек ел азаматтарымен қатар қандастарға, босқындарға, шетел азаматтары мен Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтарға келісімшарт аясында көрсетіледі.
«Жеке тұлға емханаға немесе медициналық орталыққа тіркелген кезде, осыған дейінгі медициналық қызмет алған мекемеден автоматты түрде шығарылады», – делінген бұйрықта.
Сондай-ақ, азаматтарды емханаға тіркеу тұрақты және уақытша мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Және азаматқа емхананы таңдау мүмкіндігі беріледі.
Сол сияқты азаматтар емханаға «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беріп, өздігінен тіркеле алады. Емхана азаматтарға қатысты жеке мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
06 тамыз 2021 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 380
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 165

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930