» » Такси құны һәм жолаушы жыры

Такси құны һәм жолаушы жыры


Қазіргі уақытта такси жүргізушілердің наны жүріп-ақ тұр. Әсіресе, аудан мен қала арасында қатынаған жүргізушілердің қалтасы қағылуда. Соңғы уақытта кенттегі қалаға қатынайтын такси қызметінің бағасы шарықтап кетті деген жұрттың базынасы құлаққа жиі шалынады. Такси пұлының 1500 теңгеден 2000 мыңға көтеріліп кеткеніне қапаланған қарапайым халық мұң-шағымын кімге айтарын білмей дал. «Елдің қалтасын қағатындай не күн туды?» деген бас көтерген сұрақ бүгінгі күннің басты сауалына айналған. Бірақ бұл – айтылмай жүрген ән, жазылмай жүрген жыр емес. Әр жыл сайын баға түлкі бұлаңға салып, түрленіп шыға келеді. Ендеше такси пұлы мен бұл қызметті пайдаланушылардың жайын таразылап көрелік..
Такси бағасын жүргізушілерге ешкім шегелеп тұрып, бекітіп берген жоқ. Десе де бұл такси жүргізушілері өзара пішіп, келісіп алған нобайы. Ал бұлар жүрген жолмен қатынайтын автобустардың құны әлдеқайда төмен. Қарап тұрсақ екі түрлі көлік жүргізушінің міндеті бір. Екеуі де жолаушының қауіпсіздігі үшін жауапты. Арнайы қауіпсіздік шараларын орындап, көлігін тексеруден өткізіп тұруы шарт. Алайда, осының көбін қалыс қалдырып жүрген біздің такси жүргізушілері қит етсе жол ақысын бірден көтере кететіні неліктен? Мәселенің екінші жағын қарап көрсек...
Жолаушы тасымалымен айналысатын таксишілердің көпшілігі жұмыссыз жүрген жандар. Отбасын асырау үшін күні-түні темір тұлпарын тізгіндеп, табыс табуды көздейді. Күн көріс қамы үшін еңбек еткені дұрыс, әрине. Бізде қымбатшылық деген үлкен мәселе бар. Қазіргі таңда күнделікті қажет дүниенің шектен тыс қымбаттауы көңіл көншітпейді. Такси тізгіндегендер алдымен осы жағдайға наразы. Жанар-жағармай мен газ бағасының шарықтауы қалтаны әжептәуір қағатынын айтады.
– Такси бағасының көтерілуі халыққа оңай тимегенін білеміз, әрине. Бірақ бізде өзімізден шығатын шығындарды ескере отырып бағаны сәл көтердік. Мәселен, астыңдағы көлік темір болғасын бұзылмай тұрмайды. Уақытында ауыстырып тұратын бөлшектері болады. Бұрыңғыдай 1500 теңгеге сатып ала қоятын зат жоқ, оның да құны күн өткен сайын көтерілуде. Одан бөлек жүріп тұратын жанар-жағар май тағы бар. Ішіп-жейтін азық-түлік те қымбаттауда. Тіпті, астындағы көлігінің несиесін төлеп жүргендер бар. Жалпы такси қызметі аста-төк табыс әкелмейді. Бала-шағаның қамы үшін тіршілік жасап, елге қызмет істеп жүрміз, – дейді көлік жүргізуші Хамит (атын өзгертуді сұрады).
Былайынша айтып тұрғаны жөн-ақ. Қалай дегенмен, былай тартса арба сынады, былай тартса өгіз өледі. Таяқтың екі ұшы бар десек, бір ұшында таксишілердің жайы, екінші ұшында қарапайым халықтың жан айқайы тұр. Дегенмен, «Халық – Құдайдың бір аты» деген тәмсіл бар. Ал бұқараның жайына болысу әрбір кісінің парызы. Дегенмен күнкөріс жайы деген бар. Өз жайың келіспей, өзгеге болысу пендеуи өмірден тыс. Сондықтан таксишілердің де айтқан базынасы орынды. Қалай дегенмен, олар да халықтың бір бөлігі. «Бәрін айт та, бірін айт» деген. Бәріне себепкер қымбатшылық. Ал тұрмыстық әлеуеттің құны аспандап тұрғанда такси құнын төмендет деу де қисынсын. Арғы жағын оқырман, өзіңіз сараптарсыз...
Ерсін ӘЛІБАЙ
04 тамыз 2021 ж. 756 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031