» » Экскурсиялық сабақ өткізілді

Экскурсиялық сабақ өткізілді

Сан сапырылыс пен талайлы тауқыметті бастан кешкен қазақ халқының тарихында орын алған ашаршылық ешқашан ұмытылмайтын, керісінше, уақыт өткен сайын зардабы сезіле беретін ауыр кесапат болып есептеледі. Талай ауыл мен тұтастай округтер қаңырап бос қалып, қаншама қазақ отбасының қазаны төңкеріліп, шаңырағын ортаға түсірген ашаршылық - қазақ елі ұмытпауға тиісті халықтық қасірет.
Бүгінде ел тарихында жазылған осындай қиын-қыстау кезеңдер мен тарихи оқиғалар турасында əртүрлі бағытта насихаттау жұмыстары жүргізіліп, толығырақ ақпараттандырылып келеді.
Осы аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Ашаршылық - қазақ елінің қасіреті" тақырыбында экскурсиялық сабақ өткізілді. Сабақ барысында деректі фильмдерді пайдалана отырып, ашаршылық халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөлінді. Зұлмат жылдар жайында оқушылар қосымша негіздегі ақпараттармен танысып, білімдерін толықтырды. Сонымен қатар сол уақыттаға халықтың жай-күйі, тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, қазақтардың республикадан тыс аймаққа жаппай қоныс аударуы жайлы тың мəліметтермен танысты.
28 шілде 2021 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930