» » Әскери ант алдында курсанттар қарудан оқ атты

Әскери ант алдында курсанттар қарудан оқ атты



Қызылорда гарнизонында әскери-техникалық мектептің курсанттары әскери ант қабылдау алдындағы оқу жоспарына сай екінші рет қарудан оқ атуларын орындады.
Әскери-техникалық мектепің барлық сарбаздары өздерінің әскери ант қабылдау рәсіміне дейін екі рет қарудан оқ ату тәжірибесінен өтеді. Алғашқы оқ ату іс-тәжірибесінен өткен 25 сарбаз екінші рет оқ атуларын да аяқтады.  
Теориялық сабақтарды меңгеріп, әскери тәртіпке бой алдырған және білімдерін атыс алаңында қару ұстап шыңдап жатқан сарбаздардың қуаныштарында шек жоқ. Өйткені, 4 күннен соң әскери ант қабылдау рәсімі. Тактикалық дайындықты жете меңгерген сарбаздардың екінші атыстағы көрсеткен нәтижелері біріншіге қарағанда өте жақсы. Айта кетейік, атыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптары мен нормаларын сақтай отырып өткізілді. 
- Алғашқы оқ атудағы болған қобалжуды сезінбедім. Өзіме деген ерекше сенімім байқалды. Көрсеткем нәтижем де біріншісіне қарағанда жоғары. Осының бәрі әскери мектеп оқытушыларының еңбегі деп білемін. Бүгін өзімізді нағыз сарбаз ретінде сезіндім, - дейді Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінің түлегі курсант Қосым Қалданов.
Әскери-техникалық мектебі қысқа мерзім аралығында курсанттардың қарудан оқ атуынан басқа да, көптеген әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне де мүмкіндік береді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров
23 шілде 2021 ж. 594 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031