» » Татулықтың талбесігі

Татулықтың талбесігі


Жақында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Бірлік пен бейбітшіліктің 30 жылы» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті. Сессияға онлайн байланыс арқылы аудан әкімі Мұса Қалдарбеков, этномәдени бірлестік жетекшілері мен аудандағы Ассамблеяның құрылымдық мүшелері қатысты.
Жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, аймақ басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ел дамуында аса маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
– Осы жылы бірлігі бекем, татулығы жарасқан Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде.Тәуелсіздік – бұл ең алдымен біздің ортақ тарихымызға тағзым, кемел келешегімізге нық сенім. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында саяси жүйе тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, халықаралық беделге ие қуатты мемлекетті қалыптастырдық. Бүгінде Алаштың анасына баланған Сыр өңірінде 35 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Этномәдени бірлестіктердің мүшелерін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысына тартып, этноәлеуметтік процестерге мониторинг жүргізіп, қоғамдық келісімді бұзу ықтималдығы жоғары көріністерге талдау жасау арқылы оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленуі керек, – деді аймақ басшысы.
Мұнан соң отырыста модератор ретінде сөз бастаған облыс әкімінің орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Серік Ахмет этномәдени бірлестік жетекшілеріне сөз берді. Облыстық ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Дильфура Байрахтарова сөз сөйлеп, қоғамдық даму мәселелері бойынша пікірін ортаға салды.
– Биыл қасиетті мекен қазақ жерін таулықтың талбесігі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясына 26 жыл толып отыр. Көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болып келеді. Сонымен бірге, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, дініне, шығу тегіне қарамай, барша азаматтың қоян-қолтық араласуына ықпал етті.Қазақ даласына 60-тан астам халық депортацияланған. Сол кезде менің де ата-әжелерім ІІІ Интернационал ауылына қоныстанған. Мен сол зұлмат заманда қасиетті Сыр еліне жер аударылып келген түрік халқының ұрпағымын. «Сол қиын-қыстау кезеңде қамқорлықты қазақтардан көрдік» деген атамның жылы сөздері әлі күнге дейін жадымызда. Қазақ халқының қонақжайлығына, жасаған жақсылығына түрік халқының перзенттерінің атынан айтар алғысым шексіз. Өйткені, біз қазақ халқының кеңдігі мен дархан жүрегінің арқасында шаңырағымызды шайқалтпай, тамырымызды тереңге жайдық, ұрпақ өсірдік. Өткенімді ұмытпай, келешекте де ана ретінде балаларымды туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелеп келемін. Биылғы Қазақстан Республикасының 30 жылдығымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болып, елдігіміз, достығымыз шыңдала берсін, – деді облыстық мәслихат депутаты.

Ерсін ӘЛІБАЙ
17 шілде 2021 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 345

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930