» » Үнемі фейк ақпарат тарататын аккаунт анықталды

Үнемі фейк ақпарат тарататын аккаунт анықталды

Полиция жалған хабарламалардың авторын анықтады, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасаөз қызметі.

Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде ішкі істер органдары Instagram-да “Qaznews24” аккаунтын тапты, оның парақшасында жалған хабарламалар үнемі жарияланып тұратын. Бұл аккаунтта орналастырылған ақпарат тұрғындардың екітүрлі реакциясын тудырды, өйткені олар халыққа дұрыс емес ақпарат беріп, азаматтарды адастырды. Мысалы, “Жылына бір рет – қазақстандықтардың шетелге шығуына шектеу қойылады”, “683 432 теңге қазақстандықтың 2021 жылғы орташа айлық жалақысы – Ұлттық статистика бюросы”, “ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мефедронды заңдастыруды ұсынды…”, “Зорлау және жыныстық қысым көрсету баптарын қылмыстықтан әкімшілікке ауыстырады”, “Мәжіліс депутаттары депутаттардың кірістері мен мүлкін міндетті түрде декларациялау туралы заңды кері қайтарып алды”, “Қазақстандықтарға шетелге шығу үшін көші-қон полициясынан шығу визасын алулары керек” және тағы басқа тақырыптағы басылымдар үлкен резонанс тудырды.
5,5 мыңнан астам жазылушы жалған ақпаратты алып отырды. Бұл хабарламалардың қисынсыздығына қарамастан, қолданушылар белсенді түрде репост жасап, жедел хабарламалар арқылы бір-біріне жалған жаңалықтар жіберіп, скриншоттар жасап, оларды басқа ақпараттық ресурстарға көшіріп отырды. Анықталмаған ақпаратты жариялау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу барысында жалпыға ортақ парақшаны ашқан – 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталды - делінген хабарламада.
Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ол полицияға жеткізілді. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Ішкі істер органдары тағы да азаматтарға жалған ақпарат таратудың жол берілмейтіндігін, мемлекеттік органдардың тек ресми ақпараттарына сенім арту қажеттілігін, сондай-ақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін тағы да еске салады.
 baq.kz
16 мамыр 2021 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930