» » «Серіктес директорлар» лигасы құрылды

«Серіктес директорлар» лигасы құрылды

Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызының бастамасымен құрылған “Серіктес директорлар” лигасының жұмысы бізде де жалғасын табуда.
Ауданның 9 мектебінен құрылған лига жұмысы тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітірген Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында басталды. Халқымыздың терең тағылымы мен танымын бойына сіңірген тарихымыздың ұлттық дәстүріне арналған екі күндік шара өтті. «Қош келдің, Әз-Наурыз» тақырыбымен «Наурыз келді ауылға» бағдарламасы аясында 17 наурызда ұлттық спорт ойындарынан сайыс және 18 наурызда ұлттық салт-дәстүр рәсімдерінен көрініс өткізілді. Шараға қатысқан лига құрамындағы 9 мектеп ұстаздары арасындағы белсенділік пен қызығушылық шараның өз мақсатына жетуіне керемет қолдау болды.
Білім беру саласында елеулі өзгерістерге жетелейтін ауқымды реформалар жасалуда. Біздің мақсатымыз – ұлт білімін жан-жақты жаңғырту. Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Серіктес директорлар» лигасының құрылуы да білім беру ұйымдарының серіктесе отырып, түрлі жаңа форматтағы шараларды тың идея­лармен ұйымдастырып, жаңғыру мен жаңару бағытындағы жұмыстарды атқаруға өз үлесін қосу баспалдағының бірі деп ойлаймыз. Себебі серіктесе жұмыс істеу ұжымдар арасындағы ахуалды ғана емес, өзара байланыс пен сенімділікті, өзара жұмыс жасау­да қолдау мен жаңаша көзқарасты қалыптастыруда үлкен серпін болды. Осы тұста ауданымызда лиганың құрылуы мен жұмысына қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімінің басшысы Дастан Мырзабекұлына риясыз алғысымызды білдіреміз.

Мәуегүл ЕРҒАЛИЕВА,
№26 орта мектеп директоры,
лиганың жетекшісі
27 наурыз 2021 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930