Конституция
» » Әскери қызметшілердің кешенді тексеріс алдындағы қызу дайындықтары

Әскери қызметшілердің кешенді тексеріс алдындағы қызу дайындықтары

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің жеке құрамы «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштері компоненттерінің кешенді тексерісі алдындағы дайындық оқу-жаттығуларын аяқтауға жақын.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтіп жатқан «Алтын жебе-2021» арнайы кешенді тексерісінде Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің барлаушылары өз бақтарын сынайтын болады.
Бөлім жауынгерлері тексерістің жоспарындағы кездесетін барлық тапсырмаларды жоғары нәтижеде орындауға сақадай сай. Бұған, бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлаушылардың суық қаруды лақтыру, байланыс, инженерлік және артиллерияның оқ атуын түзету мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану кезіндегіжинаған тәжірибелері, жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындаулары дәлел болады.Барлық санаттағы әскери қызметшілердің далалық дайындық деңгейі мен кәсіби даярлығының жоғары екендігі де жаттығулар барысында көрініс тапты.
-Тексеріс алдындағы дайындық жаттығулары кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тактикалық іс-қимылдарды дұрыс орындауға айрықша назар аударылуда. Лауазымдарына сай топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, медициналық дайындық бойынша арнайы сынақтар тапсыру да тыс қалмады. Күндізгі және түнгі уақыттарда марш жасау мен оқу-тактикалық атыстарға да дайындалу үстінде. Жауынгерлердің ерекше қабілеті мен сайысқа деген белсенділігі және ынта-жігері көңіл қуантады, - дейді әскери бөлім командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрлан Шегебаев.
Арнайы кешенді тексеріс шарасының мақсаты - бөлімдердегі арнайы мақсаттағы барлаушылардың жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен кенеттен берілген тапсырманы уақытында орындау мүмкіндіктерін тексеру болып табылады.
«Алтын жебе – 2021» кешенді тексеруі осы жылдың 9 сәуіріне дейін жалғасады.

Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант

26 наурыз 2021 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031