» » Әжем қойған есім

Әжем қойған есім

Көктемнің алғашқы жаршысы болған Наурыз айы кімге болсын ыстық. Мамыражай көңіл-күй мен мейірім орнайтын бұл айды қазақ халқы ерекше құрметтеп, дүниеге келген сәбиге наурызды ырымдап, жақсы есімді қоюға тырысқан. Әсіресе мереке қарсаңына туылған балалардың өмірі берекеге толсын деп Наурыз атауымен байланыстырып қойса керек. Біз айтқалы отырған кейіпкеріміздің есімі осы аймен аттас. Ол Ақтөбе ауылының тұрғыны – Наурыз Байтанатов.
Отбасында төрт қыздан кейін дүниеге келген сәбидің ұл болғанына қатты қуанған Маржанкүл әжеміздің бұл есімді қоюы ерекше болыпты. Күні кеше хабарласып қоңырау шалғанымызда тап туған күніне дәл түстік. Құттықтауымызды жеткізіп, қуанышымен бөліспекке осы есімнің қойылуы жайында сұрай кеттік.
– Әжем ұл баланың болғанын қатты күтсе керек. Себебі алдымда төрт апам бар. Ертең шаңыраққа ие болатын ер баланың болғаны жақсы деп анама айтып отырады екен. Көктемнің алғашқы айында дүниеге келгесін атымды Наурыз қойыпты. Қазақта аты алты алашқа танылған Наурызбай батырдай ер мінезді салмақты болсын деп ырымдапты, – дейді ол.
Қазіргі таңда Наурыз Базарбекұлы «Оңталап» шаруа қожалығында 2015 жылдан бері жұмысшы болып еңбек етуде. Алғашқы қызметін есепші болудан бастаса, кейін трактор техникасына отырады. Көктемде жер жыртып егіннің бітік шығуына үлес қосамын дейді ол. Шаруашылықтағы жалғыз Магдон жаткасын жүргізу де осы Наурызға жүктелген. Оны былтырғы күзгі науқанда егіс алқабын сөзгілей күрішті оруыннан байқадық.
Наурыз айында Байтановтар әулетінде екі үлкен қуаныш тойланады. Оның бірі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы болса, екіншісі – кейіпкеріміздің туған күні аталып өтіледі. Мейраммен қатар келетін бұл күнді ол жыл сайын асыға күтемін дейді сөзін тәмамдап.


Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
20 наурыз 2021 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031