» » Мал ұрлығына қатысты мәселе қаралды

Мал ұрлығына қатысты мәселе қаралды

Бүгін Жосалы кентінің тұрғындары арасында мал ұрлыңғына қатысты мәселелер талқыланды. Жосалы кентінің тұрғыны Қ.Төреев мал ұрлығына қатысты тұрғындардың шағымын жеткізді. Полиция қызметкерлерінің мал ұрлықтарына қатысты істерді тексеруде жауапкершілікпен қарауын өтінді.

Жиында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков сөз алып, мал ұрлығына қатысты тіркелген қылмыстар аудан әкімдігінің заң шеңбері аясында жіті қадағалауда болатынын жеткізді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тарапынан мал ұрлығына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бұл мәселелер бақылауда болатынын айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы аудандағы полиция органдары мал ұрлығына байланысты қылмыстылықпен күресуде белсенді жұмыстар жүргізуді, жиі қылмыс орын алатын аумақтарға фиксациялық бейнекамералар орнату бойынша тапсырмалар берілгенін атап айтты.

Сонымен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Б. Ақтаев сөз алып, мал ұрлығына қатысты күділіктілер тергеліп жатырғанын, істері сотқа жеткізілетінін айтты.

Бүгінде мал ұрлығы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына кері әсерін тигізіп, ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ІІМ-де заң жобасы жасалды. Аталған заңға сәйкес мал ұрлығына қатысты қылмысқа қатаң жаза қарастырылған. Тіпті ондай қадамға барған адамға бұдан былай 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі әбден ықтимал.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 ақпан 2021 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930