» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді

2020 жылдың 6 қазанында мемлекет басшысы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңға қол қойды. Заң сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған.
Заңның ең маңызды бөліктерінің бірі – құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынуы
Мысалы, азаматтық кодексте мемлекеттік қызметкерлерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады.
Ал, қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беру мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғалар, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекетіне әркетсіздігі үшін құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 676, 678-баптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың аталған тұлғаларға заңсыз сыйлықтар беруі әкімшілік сыбайлас жемқорлық әрекеті болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тқлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға тыйым салынады.
Сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда неғұрлым ауыр жауапкершілікке тартылатын болады. Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларына ғана қатысты болатын.
Бұл түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Комплаенс» қызметтерді енгізумен бірге квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тарапынан теріс пайдалануды болдырмаудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың тиімді шарасы болмақ.
Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілетін функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар үшін өздері лауазымға орналасуға үміткер болып отырған ұйымның басшылығына, осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы не жекжаттары туралы хабарлау міндеті енгізілген.
Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылық корпоративті стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Комплаенс» қызметтер институты енгізілді. Айта кетейік, «Комплаенс» кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше.
Ардақ ЕРСЕЙТОВ,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
12 қаңтар 2021 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031