» » Интернеттің игілігі шалғай ауылға жетті

Интернеттің игілігі шалғай ауылға жетті

Қазіргі заманда ұялы телефонсыз, интернетсіз бір күн емес бір сағатты да елестету мүмкін болмай тұр. Алайда әлі күнге осы бір байланыс құралдарына қолы жетпей келе жатқан ауылдар бар. Пандемия барысында қыруар қаржы бөлінген Цифрлы Қазақстан бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсете алмады. Карантин талабы бойынша қашықтан оқып, онлайн сабақ жүргізуге тырысқан ұстаз бен оқушы интернеттің әлсіздігінен қиындықтарға тап болды. Әсіресе ауыл баласы онлайн сабақ оқи алмады. Ал шалғай жатқан ауылдар үшін интернет тіпті арман еді.
Жыл басында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен операторлар өзара меморандумға қол қойып, ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін жобаны аяқтауға және Президент тапсырмасына сәйкес 250-ден астам адам тұратын барлық ауылдарды 3G немесе 4G қызметтерімен қамтамасыз етуге міндеттеме алғанын бұған дейін жазып жүрдік. Бұл бастама аяқсыз қалмапты. Біршама ауылға мобильді кең жолақты интернет тартылып үлгерген. Оның ішінде Қармақшы ауданына қарасты шалғай мекен Қуаңдария ауылы да бар.
«Kcell», «Aсtiv» ұялы байланыс операторларымен келессөздер жүргізіліп, қазіргі таңда ауылда ұялы байланыс және интернет желісі іске қосылған. Бүгінгідей заманауи техно¬логия¬лар қарыштап дамыған ке¬зеңде көштен қалып қою жақсы емес. Әсіресе ауыл жастарына интернеттің жоқтығы көп қиындық келтірді. 7 желтоқсаннан бері қалыпты жұмыс істеп тұрған иннетттің игілігін көрген ауыл тұрғындары дән риза. Байланыс аясынан тыс жерде қалып кетпегендеріне қуануда.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ
21 желтоқсан 2020 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930