» » Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тенденциялары талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тенденциялары талқыланды

Биыл  мемлекетіміз үшін Абай Құнанбайұлы, Әбу Насыр әл-Фараби сияқты ұлы тұлғаларымызға бас ию, құрметтеу, ұлағаттауға,  еліміздегі тұрақтылық пен б ейбітшіліктің жаршысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуге бағытталған өте айрықша мерейлі жыл болып отырған баршамызға белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz



Маңғыстау облысындағы жоғары білім берудің жетекші ордасы Есенов университетінде де осы атаулы даталарға арналған шаралар жүйелі түрде кең ауқымда өткізіліп отыр.   Қараша айында салтанатты жағдайда Абай мен әл-Фараби атындағы 500 орындық оқу аудиториялаоының ашылу рәсімі, Түркі еліне мәшһүр тұлға – Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. 2 желтоқсанда Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ш.Есенов атындағы КТжИУ-і "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының ұйымдастыруымен этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша сындарлы және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан халқы Ассамблеясы: тәжірибесі, өзекті мәселелері, даму тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференция қонақтарына жаңа форматта қайта құрылып, жаңартылған "Қазақстан халқы Ассамблеясы", "Рухани жаңғыру" аудиториялары, облыстық ҚХА-ның қызметі жөніндегі бейнероликпен таныстырылды. Конференция жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы ҚХА-ның төрағасының орынбасары Қалмұратова Г.М., Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Садвакасова А.К., ҚХА кафедраларының қауымдастығының төрайымы Калашникова Н.А., ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің халықаралық эксперттері, Болгария, Иран, Ресей Федерациясының ғалымдары, еліміздің әр өңірінен ынта білдіруші мемлекетік ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.
Конференцияның алғысөзін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары,  Маңғыстау облысы ҚХА-ның төрағасының орынбасары Калмуратова Гульмира Мұратқызы бастап, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті президентінің м.а. Ахметов Берік Бахытжанұлы құттықтау сөз сөйледі.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА ҒЗК төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Садвакасова А.К.  "Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің саясаты" тақырыбында конференцияның негізгі баяндамасын оқыды. Баяндамада  Елбасы Н. Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты нығайтудағы қызметінің көрнекті нәтижелері, тың бастамалары еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, әлемдік тәжірибеде полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуының үздік үлгісі ретінде  танылғандылығы сарапталды.
Конференция барысында Әулие Климент Охридски атындағы София университеті саясаттану кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы (Болгария) Дронзина Т.А.. "Қақтығыстарды шешудегі ҚХА рөлі", ҚХА кафедраларының қауымдастығының төрайымы  Калашникова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ҚХА кафедрасы меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы "ҚХА кафедралары қауымдастығының Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларын іске асырудағы жаңа трендтері", Дағыстан мемлекеттік университет профессоры, философия ғылымдарының докторы (Ресей Федерациясы) Буттаева А.М. "Жастар арасында азаматтық бірегейлікті қалыптастыру патриоттық тәрбиенің басты факторы ретінде (Ресей Федерациясының тәжірибесі негізінде)", Yessenov University  профессоры, саяси ғылымдар докторы Жаулин К.М. "Қазақстан Республикасындағы этносаясаттың өзекті мәселелері", Вена университетінің халықаралық қатынастар магистрі (Иран) Малакутифар Джалал "Қазақстан мен Иран мәдени диалогының кейбір аспектілері" тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Ассамблеяның бүгінде негізгі жобаларының бірі – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология, География институты және Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған "Қазақстан халқы" интерактивті ғылыми тарихи картасы. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми хатшысы, PhD доктор Қозыбаева М.М. картаның таныстырылымын жүргізді. Әсіресе, Маңғыстау өңіріне байланысты картаға енгізілген мәліметтер, этномәдени орталықтар жөніндегі ақпарат конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Конференция жұмысы түстен кейін өз жалғасын тауып, Zoom платформасы арқылы секциялық отырыстарда баяндамаларды тыңдалды. Конференция секцияларының жұмыстары ұлттық біртектілікті сақтау мен дамытудың өзекті мәселелері: теориялық аспектілер, тәжірибелер мен ұсыныстар, қоғамдық келісімді нығайту және инклюзивті қоғамды қалыптастыру бойынша ҚХА құрылымдарының қызметі, көп ұлтты Қазақстан: қалыптасу тарихы және қазақстандық этностар өкілдерінің елдің дамуына қосқан үлесі бағыттарында жүргізілді.
Гривенная Л., ҚХА кафедралары қауымдастығы төрағасының орынбасары, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-нің ҚХА  кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, Мамытова С.Н., С.Торайғыров атындағы  Павлодар университетінің  ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., Буянова Л., Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты, т.ғ.к., Джумалиева Л., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, қауымдастырылған профессор м.а., т.ғ.к., Джайлханова А., "Қоғамдық келісім" КММ директоры, Қамарова Н., Yessenov University-дің "Қазақ филологиясы" кафедрасының профессоры, ф.ғ.к., және т.б. ұлттық саясаттың өзекті де, тың тақырыптарына баяндамаларын оқыды. Конференция  бағдарламасында қарастырылған мәселелер бойынша  қызу ғылыми пікірталас болып,  қатысушы ғалымдар өз ойларын ортаға салды.
Аталған ғылыми шара  барысында мемлекеттік этносаясатты қалыпты дамыту бағытында көптеген  пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылып, конференция резолюциясына енгізілді.
12 желтоқсан 2020 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031