Қазақстанда алғаш рет киберспорттық студенттер лигасы құрылды
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Студенттік киберспорт ұлттық қауымдастығы және Қазақстандық киберспорт федерациясымен бірлесіп, студенттердің киберспорты лигасын құрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков, Студенттік киберспорт ұлттық қауымдастығының президенті Асқар Нұрпейісов және Qazaq киберспорт федерациясының вице-президенті Евгений Богатырев Қазақстандағы студенттердің киберспорт саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары - Қазақстандағы студенттердің киберспортын қолдау және дамыту. Ұлттық Олимпиадалық комитеті жастардың назарын олимпиадалық қозғалысқа аударып, оларды спортпен шұғылдануға шақырады деп үміттенеді.
"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комиті еліміздің ең ірі және беделді жоғарғы оқу орындарын біріктіретін жобаны белсенді жастармен жұмыс негізінде болашағынан үлкен үміт күтеді. Біздің міндетіміз - студенттер қауымдастығын белсенді өмір салтына баулып, олардың спорттық мәдениетін әртараптандыру. Жастар платформасының тез танымал болуын қолдай отырып, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жастардан олимпиадалық қозғалыс қызметіне өзара қызығушылық күтеді. Біз өз тарапымыздан осы жобаға олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатын кәсіби атлеттер мен дене шынықтыру мен спорттың күнделікті өміріміздегі маңыздылығы туралы әңгімелесетін жетекші спортшыларымызды қатыстырмақпыз. Белсенді жастар арасында өзара ынтымақтастық болады деп сенеміз", - деп, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков жаңа бағытта атқарылатын жұмыс туралы пікірін білдірді.
Серіктестер үшін ынтымақтастық шеңберінде олардың бірінші кезектегі міндеті - студенттердің киберспорт түрлеріне арналған қазақстандық лигасын құру және дамыту болды. Сондай-ақ, ол тұрақты түрде өткізіліп тұрады және де төрт маусымнан тұратын болады. Бірінші маусым 2020 жылдың қазан айында басталады. Оған жеті университеттің командалары қатысады. Атап айтқанда, студенттік киберспорт ұлттық қауымдастығының мүшелері елордадан IT университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сатпаев және Халықаралық бизнес университеттері. Студенттік киберспорт ұлттық қауымдастығына басқа университеттерге кіру турнирдің екінші маусымынан бастап ашық болады.