» » Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы тағайындалды

Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы тағайындалды


Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болып Батырбеков Әзиз Жұмаділдаұлы тағайындалды.

Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы 1983 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
Астана қаласындағы Қазақстан – Ресей университетін филология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы болып бастаған. 2007-2009 жылдары Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім, 2009-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы, 2012-2017 жылдары Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» және облыстық «Сыр бойы» газеттерінде тілші болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы болған. 2018 жылдың 7 қыркүйегінен осы уақытқа дейін дейін аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Әзиз Жұмаділдаұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері мен очерктері және ғылыми-танымдық мақалалары бірнеше жинақтар мен кітаптарға енген. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
16 қыркүйек 2020 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930