» » Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды

Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды. Ол қазақстандық спортшылар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының @sportodagy Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген", - деп жазды ауыр атлет.

Илья Ильин Қызылорда өңірінде спортты дамыту үшін алдына үлкен жоспарлар қойғанын атап өтті.

Бұған дейін Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді.

Сосын спортшының Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы атанғаны белгілі болды.
10 қыркүйек 2020 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930