Өскеменде Абайтану институты ашылды
Өскемендегі іргелі оқу орындарының бірінде Абайтану институты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған шараның мақсаты – Абай әлемін дәріптеу, түрлі әдістерді ұсыну. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының басталу құрметіне орай түрлі халықтың әліппелер көрмесі өтті. 60-тан астам елдің тұңғыш оқулықтары жиналғандардың ерекше қызығушылығын оятты.
Институттың ашылуына үлкен дайындықпен келдік, бізде ғылыми әдістемелік қорымыз,еңбектеріміз барлығы жетеді.Баршылық.Бүкіл Шығыс Қазақстан облысына біз бірден-бір ғылыми методикалық кеңес бере аламыз және республикалық деңгейде басқа да Абайтану орталықтарымен бірге жұмыс істейтін боламыз, - дейді Абайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Картаева.
Ойшылдың ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл сынды адами қасиеттеріне негізделген «Толық адам» ілімін де осы жерден табасыз. Сондықтан бұл институт қазақтың бас ақынының өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін таптырмас мүмкіндік. Осы шара барысында көпшілік күткен «Әліппелер көрмесі» де ашылды. Онда 63 елдің алғашқы оқулығы қойылыпты. Бұл осы оқу орнынның қарт ұстазы Фёдор Головановтан қалған мұра. Коллекцияда Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліппеден бастап эстон, неміс, түркітілдес құмық, қырғыз, ұйғыр халқының алғашқы тілашарлары да қойылған.
Ал енді бұның құндылығы бүгінгі құндылығы қазіргі уақытқа сәйкес кеп отыр, өйткені әліппені ондаған жылдар бойы біліммен сусындатқан әліппе қайтып келе жатқанда, сол ертеңгі күні балаларға сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек болатынына сенімдіміз, - дейді ғылыми кітапхананың директоры Перизат Нұрғалиева.
Тіл мамандарының айтуынша, бұл әліппелер әр тілде болғанымен, мақсаттары ортақ.
Әрбір әліппенің ерекше құндылығы – бала дүниетанымын ұлттық негізде қалыптастыру. Ең бірінші А десе, мысалы, таңбалануы Ата, Ана деген сияқты күнделікті естіп жүрген ұғымына сіңісті сөздермен басталады, - деді кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру орталығының директоры Бақытжан Келгенбаева.