» » Жетістік қашанда жігерлендіреді

Жетістік қашанда жігерлендіреді

Экономиканың қай саласы болсын, елдің өмірінде алатын өз орны бар, соның бірі – байланыс қызметі. Бұл бір көзге көрінбейтін, бары білінбейтін, жоқтығы әбігер туғызатын, мақтау алмайтын, істеген тірлігі үшін мадақ та дәметпейтін сала. Оған «Байланыс ауа сияқты, бұзылмайынша ешкім байқамайды» деген сөз тіркесі айқын дәлел.
Ел президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен коронавирусқа қарсы төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілуіне байланысты ел өміріне бірқатар өзгерістер енгені белгілі. Студенттер мен оқушылардың қашықтан оқуы, көптеген мекеменің қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілуі байланыс саласына, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ына үлкен жауапкершілік әкелді. Байланыс құралдары мен қондырғыларына күтпеген ауыр жүктеме туғызды. Алайда, телекоммуникация желілерін басқарудың Бас орталығы мен төменгі буындар арасында тура байланыс орнатылып, туындаған мәселелердің жедел шешілуі және шешімдердің нақты орындалуы өз кезегінде жақсы нәтиже беріп, абоненттерге мүмкіндігінше сапалы телефон мен интернет қызметін ұсынуға қол жеткізілді. Байланыс сымдары тартылмаған жерлерге «АЛТЕЛ» ұялы байланыс операторы арқылы техникалық мүмкіндік бойынша сымсыз интернет желісін сұраушыларға берілген. Осы жұмыстар желілік ресурстарды техникалық қолдау орталығы қызметкерлерінің күшімен атқарылуда. Орталық жөндеу бюросына абоненттерден түскен тапсырыстар қолдарындағы планшеттер арқылы желілік электромонтерларға дереу тапсырылып, абоненттік байланыс желілерінің бұзылымдары уақытылы жөнделеді. Қондырғыларды электр энергиясымен үзіліссіз қамтамасыз ету мақсатында тиісті мамандар жергілікті электр энергиясын тарату мекемесімен тығыз қатынас орнатқан, қажетті жағдайда жылжымалы электрогенераторлармен қондырғыларға ток көзі беріледі.
Биылдан бастап елде байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері мерекесі 17 мамырда тойланатын болды. Ал бұрын бұл мекеме бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен 28 маусымда тойланатын еді. Мереке қарсаңында төл мерекесін алғаш тойлағалы отырған мекемеге бас сұқтық. Әдеттегідей қызу жұмыс. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан «Қармақшы желілік техникалық цехының» басшысы Маржан Молдабекова уақыт бөліп, атқарылып жатқан істерге тоқталды.
– Елдегі төтенше жағдайға орай біздің жұмысымызға күш түскені рас. Көпшіліктің қашықтан жұмыс істеуі мен білім алуына байланысты интернет желісіне тұтынушыларға сұраныс көбейді. Осы ретте жеке тұлғалармен жұмыс жүргізіп отырған оператор Фатима Таужанованың еңбегі зор. Сонымен қатар электромеханик Жасұлан Өтемұратов пен инженер Сексенбай Жиенбаевтар да өз жұмысын асқан жауапкершілікпен орындайтын білікті мамандар. Мұндай озат қызметкер қатарын электромонтер Батырбек Сарманов, элетромеханик Гүлмира Еркебаева, кәбілші Әлібек Маханов, жүргізуші Орынхан Қаракөзеевтер толықтырады. Бұл мамандардың мекеме жұмысын жүргізудегі орны бөлек. Осындай жауапты мамандардан құралған мекеме жұмысы қиын уақытта да тұтынушы сұранысын қиындықсыз еңсеріп келеді, – дейді мекеме басшысы Маржан Кәулийқызы.
Биыл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде аудан әкімдігі мен оның бөлімдері арасына оптикалық-талшықтық байланыс желісі іске қосылып, аудандық мемлекеттік органдардың жоғары жылдамдықты интернет арқылы жылдам ақпарат алмасуына қол жеткізілді. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне оптикалық-талшықтық байланыс желісін (ОТБЖ) тарту» жобасына енгізілген Ақтөбе, Ақжар, Алдашбай ахун ауылдарына ОТБЖ қосу жоспарланған. Бұл жағымды жаңалық аталған ауыл тұрғындарына сапалы байланыс қызметтерін ұсынуға септігін тигізері сөзсіз.
– Қалай дегенде де, біздің тұтынушыларымыз – нақты адам. Бұл қанша адам – сонша мінез деген сөз. Осы орайда, кейбір абоненттеріміз шыдамсыздық танытып, шағым айтып жатады. Десе де, халыққа қалтқысыз байланыс қызметін көрсетіп келеміз және қашан да әзірміз, – дейді «Қазақтелеком» АҚ-ы Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының Қызылорда желілік ресурстарды техникалық қолдау орталығының Қармақшы ауданы бойынша инженері Құдабай Скендіров.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек Жаулыбайұлы (сурет)


16 мамыр 2020 ж. 1 012 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031