» » Оңтүстік аймақта қатты жауын-шашын жауады

Оңтүстік аймақта қатты жауын-шашын жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-10 сәуірге арналған Қазақстан Республикасы бойынша гидрологиялық болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және NASA спутниктерінің өңделген суреттері бойынша 2020 жылғы 26 наурыздан 2 сәуір аралығында Қазақстан аумағының қармен қамту алаңы 24%-ға қысқарып, қазір 13%-ды құрайды.

ЖҚЗ суреттерінің деректеріне сәйкес 2020 жылғы 3 сәуірдегі жағдай бойынша аумақты қармен қамту алаңы келесідей:
- Қостанай облысы – 28%;

- Қарағанды облысы – 10%;

- Ақмола облысы – 66%;

- Солтүстік Қазақстан облысы – 4%;

- Ақтөбе облысы – 3%, және облыстың солтүстік бөлігінде әрі қарай қардың еруі жалғасады, мұздықтарданы тазаруы мен Ақтөбе облысының өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

2020 жылдың 26 наурызы мен 2 сәуірі аралығында топырақтың қату тереңдігі:
- Қарағанды облысының өзен бассейндерінде 10-22 см-ге;

- Ақмола облысының өзен бассейндерінде 5-35 см-ге;

- Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының өзен бассейндерінде 10-22 см-ге;

- Ақтөбе облысының өзен бассейндерінде 7-11 см-ге азайған.

  – Синоптикалық болжам бойынша алдағы аптаның басында Қазақстанның басым аумағында жаңбыр күтіледі. Кезеңнің ортасынан бастап еліміздің батыс өңірлеріне Салехард аудандарынан терең циклон әсер ете бастайды, ол республиканың аумағы арқылы жылжи отырып, температураның төмендеуіне, жауын-шашынның түсуіне (жаңбырдың қарға ауысуы), республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерде қатты жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.

Қазақстанның жекелеген аудандарында екпінді жел, оңтүстік өңірлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

BAQ.KZ
05 сәуір 2020 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031