» » Бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауады - Синоптиктер

Бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауады - Синоптиктер

   Синоптиктер 29 желтоқсан ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

   Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне Қара теңізден циклон келеді, оған байланысты атмосфералық фронттар да әсерін тигізеді.
  – Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, – дейді метеорологтар.
   Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады.           Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Шығыс Қазақстан облысында күндіз Жарма ауданында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
 Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метр болады.

29 желтоқсан 2019 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 319

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031