» » 31 шілдеден бастап жүк тасымалына жаңа бақылау жүйесі енгізіледі

31 шілдеден бастап жүк тасымалына жаңа бақылау жүйесі енгізіледі

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 31 шілдеден бастап ЕАЭО аумағында навигациялық пломбаларды қолданудың екінші кезеңі басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Жаңа тәртіпке сәйкес, навигациялық пломбаларды пайдалану мына жағдайларда міндетті болады:
- автомобиль көлігімен транзиттік кеден рәсімі бойынша тасымалданатын тауарларды жеткізу кезінде (ЕАЭО заңнамасында көрсетілген жекелеген жағдайларды қоспағанда);
- теміржол арқылы алкоголь және темекі өнімдерін, санкциялық тауарларды, сондай-ақ үлбір бұйымдарын, аяқ киімді, киім-кешек пен электрониканы тасымалдау кезінде.

Навигациялық пломба – жүктің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін электронды құрылғы. Ол тауардың сақталуын қамтамасыз етуге, тасымал үдерісінің ашықтығын арттыруға және бақылау рәсімдерін оңтайландыруға көмектеседі.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды, экспедиторларды, экспорттаушыларды, импорттаушыларды және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды жаңа талаптармен алдын ала танысып, оларды алдағы тасымалдарды жоспарлау кезінде ескеруге шақырды.
29 шілде 2026 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 792
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 080

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930