Топ-баннер
» » Көкарал бөгеті және гидротехникалық нысандардың маңызы

Көкарал бөгеті және гидротехникалық нысандардың маңызы

Солтүстік Арал теңізін сақтау және су деңгейін тұрақтандыру үшін Көкарал бөгеті маңызды рөл атқарады. Бұл бөгет теңіз суының Үлкен Аралға ағып кетуіне тосқауыл қойып, солтүстік бөліктің қалпына келуіне ықпал етеді.

Қазіргі уақытта "Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру" жобасы қарқынды жүзеге асуда. Бұл бастама Солтүстік Арал теңізіндегі судың деңгейін тұрақтандырып қана қоймай, оның тұздылығын азайтуға да ықпал етеді. Бүгінде жоба аясында "Тәуір" қорғаныс бөгеті салынды, Қарашалаң көлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскеде бөгеттер қайта жаңартылды, "Қарашалаң-1" каналы мен оның бас құрылысын реконструкциялау сынды кешенді жұмыстар жүргізілді.

Көкарал бөгетін сақтау – Солтүстік Аралдың болашағын қамтамасыз ету деген сөз. Бұл жоба толық аяқталғаннан кейін, теңіздің жағдайы жақсарып, экожүйе біртіндеп қалпына келе бастайды.

Талғат ҚАНАТОВ,
Арал аудандық мәслихат депутаты
12 ақпан 2025 ж. 2 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728