» » Қазақстанда көлігі барларға салық артады

Қазақстанда көлігі барларға салық артады

Автомобильдерден утиль алым, бастапқы тіркеу алымы және басқасы сыртында, қосымша акциз алымы жиналатын болады.
Республикада қымбат көлігі барларға қосымша "салтанат салығы" енгізіледі. Тиісті заңнамалық түзетулер таяуда Мәжіліске енгізілген және 2025 жылы күшіне енуге тиіс Салық кодексінде қарастырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
inbusiness.kz сайтының жазуынша, бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев хабарлады.  
Оның айтуынша, қазіргі кезде мүлік салығы ставкасының мөлшерлемесі әрбір объектінің бағалаулық құнына байланысты болып келеді. Яғни, мүліктің бағасы неғұрлым қымбат болса, салық төлемі де соғұрлым жоғары болмақ. Осының өзін бірқатар сарапшы "салтанат салығы" деп атап жүр.
Алайда, Президент 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Үкіметке "салтанат салығын" жеке алым түрінде енгізуді жүктеген.
Салық реформасы аясында "сән-салтанатқа салық" салуды енгізген жөн. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазіргі кезде салық реформасы басталды. Қолданыстағы құжат – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" деген атауға ие. Жаңа қабылданатын құжат жай ғана "Салық кодексі" деп аталатын болады.
Ерлан Сағынаевтың түсіндіруінше, осы кодекс жобасына өзгерістер енгізілгеннен кейін кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын автомобильдерден утиль алым, бастапқы тіркеу алымы және басқасы сыртында, қосымша акциз алымы жиналатын болады.
Жаңа акциз әзірге екі сатыға бөлінбек. Біріншісі – машиналарға қатысты және мөлшері автокөліктің 75 миллион теңгеден асқан құнның 10%-ын құрайды.
Екіншісі – суперқымбат өзге де салтанат заттарына қатысты және алым мөлшері объектінің "кедендік құнының" 100 миллион теңгеден асқан сомасының 10%-ын құрайды. Бұл акциз жеке ұшақтардан, кеме-яхталардан, пароходтардан, виллалардан және басқасынан жиналады.
Мысалы, салтанат салығы туралы әлеуметтік желіде пікір білдірген қазақстандықтар шетел түгіл, өзіміздің Каспий, Қапшағай, Балқаш пен Бұқтырма құны салмақты кеме-яхталарға толып тұрғанын айтуда.
Үшінші түрі де болуы мүмкін, ол қымбат сигара, ішімдік және басқа да ұсақтау салтанат салықтарынан жиналуы ықтимал.
08 тамыз 2024 ж. 1 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031