» » Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар; №13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №19-II, 102-құжат; №20-VII, 117, 119-құжаттар; №22-I, 143-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; 2016 ж., №7-I, 49-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №12, 87-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №13, 45-құжат; №21, 98-құжат; 2018 ж., №11, 37-құжат; №13, 41-құжат; №14, 44-құжат; №15, 47, 50-құжаттар; №19, 62-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №7, 37-құжат; №15-16, 67-құжат; №19-20, 86-құжат; №23, 103-құжат; №24-I, 118-құжат; 2020 ж., №12, 63-құжат;
2020 жылғы 3 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы
2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

509-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«509-бап. Сыйға тартуға тыйым салу

Құны заңнамалық актiлерде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;

2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және басқа да осыған ұқсас мекемелердiң жұмыскерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың, осы азаматтардың жұбайлары мен туыстарының сыйға тартуына жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметшілерге және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сыйлықтарды сыйға тартуға жол берілмейді.».
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №13-І, 13-ІІ, 83-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №21-ІІІ, 137-құжат; №22-І, 140-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №8-ІІ, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 21-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; №14, 44-құжат; №15, 46-құжат; №16, 56-құжат; №23, 88, 91-құжаттар; №24, 94-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №7, 36-құжат; №8, 45-құжат; №15-16, 67-құжат; №19-20, 86-құжат; №23, 108-құжат; №24-І, 118-құжат; №24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., №9, 29-құжат; №10, 44, 46-құжаттар; №12, 63-құжат; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 412-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату»;

2) 3-бапта:

19) тармақшадағы «не мемлекеттiң үлесi елу пайыздан асатын ұйым» деген сөздер «, мемлекеттiк ұйым не квазимемлекеттік сектор субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан жүргізілетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері; қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері;»;

3) мынадай мазмұндағы 412-1-баппен толықтырылсын:

«412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату

Қылмыс жасауға арандату, яғни жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Күш қолданумен не күш қолдану, мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндірумен, не адамның материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланумен ұштасқан дәл сол әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамның ауыр не аса ауыр қылмыс жасауына немесе өзге де ауыр салдарлардың басталуына алып келген;

2) қылмыстық топ мүдделерінде жасалған әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №15-I, 15-II, 88-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №20-VII, 115-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 67-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №8, 16-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат; №21, 98, 102-құжаттар; №24, 115-құжат; 2018 ж., №1, 2-құжат; №10, 32-құжат; №16, 53, 56-құжаттар; №23, 91-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №7, 36-құжат; №19-20, 86-құжат; №23, 103-құжат; №24-I, 118, 119-құжаттар; №24-II, 120-құжат; 2020 ж., №9, 29-құжат; №10, 44-құжат; №12, 63-құжат; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
187-бапта:

бірінші бөліктің үшінші сөйлемі «367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде)» деген сөздерден кейін «, 412-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

төртінші бөліктің екінші сөйлемі «412» деген цифрлардан кейін «, 412-1» деген цифрлармен толықтырылсын.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №8, 84-құжат; 1999 ж., №13, 431-құжат; №23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №11, 67-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №17, 101-құжат; №23, 142-құжат; 2006 ж., №16, 103-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №15, 106, 108-құжаттар; №18, 143-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 52-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №10, 86-құжат; №11, 102-құжат; №16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., №1, 5-құжат; №3, 21-құжат; №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-V, 154, 158-құжаттар; №23-II, 170-құжат;
2016 ж., №8-I, 65-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №11, 29-құжат; №21, 98-құжат;
2018 ж., №10, 32-құжат; №16, 56-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №7, 39-құжат; №9-10, 52-құжат; №21-22, 90-құжат; №23, 103-құжат; №24-I, 119-құжат; №24-II, 122-құжат; 2020 ж., №9, 31- құжат; №10, 39-құжат; №13, 67-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 2-баптың 7-1) және 44-3) тармақшалары «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 13-1-тараудың тақырыбындағы «мемлекеттік органдар» деген сөздер «мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 101-1-бапта:

тақырып «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

бірінші бөлік «тыңдаушыларын қоспағанда)» деген сөздерден кейін «және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «мемлекеттік орган қызметкерінің» деген сөздерден кейін «немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»

төртінші бөлік:

«мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;

«мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

бірінші бөлікте:

«төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;

«мемлекеттік орган қызметкерінің» деген сөздерден кейін «немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі қызметкерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік «әрбір қызметкері» деген сөздерден кейін «немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің әрбір қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақ «мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақ «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 101-3-бапта:

тақырып «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақта:

бірінші бөлік «тыңдаушыларын қоспағанда)» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші және үшінші бөліктер «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөлік «мемлекеттік орган», «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін тиісінше «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі», «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ «мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 101-4-бапта:

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органнан немесе әскери қызметші әскери қызметтен шығарылған, жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан шығарылған немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі болып табылмайтын бөлімшесіне ауыстырылған;»;

2), 3) және 4) тармақшалар «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 101-6-бапта:

1) тармақша «мемлекеттік органнан» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 101-7-бапта:

1) және 2) тармақшалар «мемлекеттік органды» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды» деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақша:

«арнаулы мемлекеттік органның қызметкері» деген сөздерден кейін «арасында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын;

«және арнаулы мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 101-9-бапта:

тақырып «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «мемлекеттік орган» деген сөздер «мемлекеттік органның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

бірінші бөлік «мемлекеттік орган», «мемлекеттік органның» деген сөздерден кейін тиісінше «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі», «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацы және 5) тармақшасы «мемлекеттік орган» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 101-10-баптың тақырыбы және бірінші абзацы «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын.

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №24, 435-құжат; 2001 ж., №21-22, 286-құжат; 2003 ж., №10, 53-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №13, 86-құжат; 2007 ж., №8, 55-құжат; 2009 ж., №11-12, 53-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №10, 48-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №4-5, 24-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-II, 105-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; 2017 ж., №14, 50-құжат; 2018 ж., №9, 31-құжат; №10, 32-құжат; №24, 93-құжат):
22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте, экономикалық тергеп-тексеру қызметінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.».

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №8, 40-құжат; №24, 149-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №5, 41-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №3, 21-құжат; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; 2015 ж., №21-I, 125-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №11, 29-құжат; №16, 56-құжат; 2019 ж., №24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бапта:

тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«8-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган:»;

1) тармақшадағы түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

2) тармақшадағы түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

3) тармақшадағы түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., №1, 4-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №5, 41-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №7, 34, 36-құжаттар; №14, 75-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-I, 111-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 148-құжат; №22-III, 149-құжат; №22-V, 154-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; №24, 123-құжат; 2017 ж., №13, 45-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат; 2018 ж., №16, 56-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №21-22, 91-құжат; №24-II, 120-құжат; 2020 ж., №13, 67-құжат):
1) 1-баптың 12-2) тармақшасындағы «мемлекеттік қызмет істері және» деген сөздер алып тасталсын;

2) 17-бапта:

3) тармақша «кәсiпкерлiк» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ.».

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы
1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №19-І, 99-құжат; №19-ІІ, 103, 105-құжаттар; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №21-І, 124-құжат; №21-ІІ, 130-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 145, 148-құжаттар; №22-VІ, 159-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-І, 47-құжат; №7-ІІ, 56-құжат; №8-І, 62-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат; №7-8, 22-құжат; №10, 32-құжат; №11, 37-құжат; №15, 47-құжат; №19, 62-құжат; №22, 82-құжат; №23, 91-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №5-6, 27-құжат; №7, 37, 39-құжаттар; №8, 45, 46-құжаттар; №15-16, 67-құжат; №19-20, 86-құжат; №21-22, 91-құжат; №23, 103, 106, 108-құжаттар; №24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., №9, 33-құжат; №12, 61-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың бірінші тармағының екінші бөлігі «Мемлекеттік қызметшілерге» деген сөздерден кейін «және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 210-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы
мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік қызметшілердің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға беруі;»;

3) 211-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды;»;

4) 215-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;

5) 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері

Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.
Сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы.
Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.».
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №1, 3-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №14, 94-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №21-II, 130-құжат; №22-V, 154, 156-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №7-І, 50-құжат; №12, 87-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №16, 56-құжат; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №16, 55-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №15-16, 67-құжат; 2020 ж., №12, 61-құжат; 2020 жылғы 6 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;».

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 31-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 148-құжат; №22-ІІІ, 149-құжат; №22-V, 154-құжат; 2016 ж., №7-І, 49-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №14, 50-құжат; №16, 56-құжат; №21, 98-құжат; 2018 ж., №14, 42-құжат; 2019 ж., №24-I, 119-құжат; 2020 ж., №13, 67-құжат; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын;

2) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге;»;

«9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;»;

3) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдеп қағидаларын бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы.».

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №5, 40-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 10-құжат; №3, 15-құжат; №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №11, 56-құжат; №15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; №21-III, 135-құжат; №23-II, 170-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №16, 56-құжат; №21, 98-құжат; 2018 ж., №14, 42-құжат; №15, 47-құжат; 2019 ж., №24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 ж., №9, 29, 31-құжаттар; №11, 57-құжат; №13, 67-құжат; 2020 жылғы 8 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың бірінші бөлігінде:

3) тармақша «кәсіпкерлік» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;».

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-II, 147-құжат; 2016 ж., №2, 9-құжат; №7-I, 50-құжат; №22, 116-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; 2018 ж., №24, 93-құжат; 2019 ж., №8, 45-құжат; №15-16, 67-құжат; №21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 6 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:

4) тармақша «орындайтын адам,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам,» деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;»;

2) 12-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;

3 және 4-тармақтардағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының бірінші абзацында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«5. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді алуға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, құқылы емес.

Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.

Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.»;

3) 14-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе. Осы Заңда жақын туыстар деп ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі.»;

4) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құруға құқылы.»;

5) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өкілеттіктерге ие болады.»;

6) 21-бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз өкілеттіктері шегінде:»;

5), 7) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынуларды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізуге;»;

«7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етуге;»;

«11) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.»;

7) 24-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және (немесе) мемлекеттік органның не өзі қызметкері болып табылатын ұйымның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар береді.

Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.»;
8) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тапсырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №22-V, 153-құжат; 2016 ж., №7-І, 50-құжат; №22, 116-құжат; №24, 123-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; №16, 56-құжат; 2018 ж., №12, 39-құжат; 2019 ж., №3-4, 16-құжат; №7, 37-құжат; №8, 45-құжат; №15-16, 67-құжат; №21-22, 91-құжат; №24-І, 119-құжат; 2020 ж., №13, 67-құжат; 2020 жылғы 6 шiлдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының» деген сөздер «, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 10-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге;»;

3) 13-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.»;

4) 50-бапта:

1-тармақтың 17) тармақшасының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.

Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оларды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері осы адам қызмет бабында байланысты болатын шетелдік жеке және заңды тұлғалардың да, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының да есебінен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды сыйлықтың алынғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған көрсетілген қызметтердің құнын мемлекеттік қызметшіге қызмет көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.»;

5) 52-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Егер мемлекеттік қызметшіде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу ақпарат беруге тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабар беруге міндетті.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ



Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 6 қазан

№365-VI ҚРЗ

07 қазан 2020 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031