» » Роналду оқырмандарымен орысша сөйлесті (видео)

Роналду оқырмандарымен орысша сөйлесті (видео)



Футболдан Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду Инстаграм желісіндегі тікелей эфирге шығып, оқырмандарымен орыс тілінде сөйлесті.
Футболшының әлеуметтік желідегі парақшасына 142 миллионнан астам оқырман жазылған. Әрине, олардың арасында сан түрлі мемлекеттің өкілдері бар. Соған орай футболшы жазылушылармен әртүрлі тілде сөйлесуге тырысқан. Ол ресейлік жанкүйерден келген хабарламаны көргеннен кейін «»Спокойной ночи, Россия» және «Давай, давай» деп сөйлеген.
Роналду 2010-2015 жылдар аралығында ресейлік модель Ирина Шейкпен кездескен болатын. Одан бөлек футболшы ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Биыл Роналду үшін қызығы мен қиындығы қатар келген жыл болуда. Ол өткен маусымды «Реал» сапында әдеттегідей аса жоғарғы деңгейде өткерді. Сөйтіп, үшінші рет қатарынан «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал жеке өзінің тарихында қалқан құлақ кубокты бесінші рет төбесіне көтерді. Бұл тұрғыдан ол өзге футболшылардан жоғары тұрады. Әлем чемпионатында да Португалия құрамасын барынша өрге сүйреуге тырысты. Тіпті Испаниямен болған ойында хет-трик жасап, күллі әлемді дүр сілкінтті. Жалпы, Ресей жерінен 4 доппен аттанды. Одан кейін іле-шала туриндік «Ювентуске» ауысты. Оның бұл трансферін әркім әртүрлі айтып, сан-саққа жүгіртті. Дегенмен ойыншының өзі бұл ауысуға риза секілді. Ол алдағы маусымда «Ювентуспен» Чемпиондар лигасын жеңіп алғысы келеді екен. «Реал» президенті Роналдуға оң қабақ танытпай, жалақысын көтермей қойғандықтан футболшы корольдік клубтан кетуге бел байласа керек. Ол сондай-ақ биыл Чемпиондар лигасының бірінші турында испаниялық «Валенсияға» қарсы матчта қызыл карточка алып, алаңнан қуылды. Алайда соған қарамастан ойыншы жоғарғы деңгейлі ойынын жалғастыруда. Әзірге оның еншісінде Италия чемпионатында соғылған 3 гол бар.
aikyn.kz
30 қыркүйек 2018 ж. 1 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930