» » Тағы бір қазақстандық әнші әлемдік The Voice орындаушыларының рейтингіне кірді (видео)

Тағы бір қазақстандық әнші әлемдік The Voice орындаушыларының рейтингіне кірді (видео)

27 жастағы Венера Исмагилова The Voice жобасының әлемдік рейтингіне енді. Ол әлем бойынша үздік он орындаушының қатарына кірді.


YouTube-тағы Best of the Voice арнасында әлем бойынша аталған жобадағы ең үздік нөмірлер көрсетіледі. Рейтингке бұл жолы Қазақстаннан бөлек, Болгария, Франция, Доминикан Республикасы, Польша, Финляндия елдерінің әншілері кірген.
Ақтөбелік Венера бала кезінен ән салған. Анасының қолдауымен, түрлі байқауларға қатысқан. Бүгінде екі қыздың анасы.
"Қазақстан дауысы" жобасының көрмей тыңдау кезеңінде Венера әйгілі "АБК" тобының "Тамшылар" әнін шырқап, 4 тәлімгерді өзіне қаратты. Ол Маржан Арапбаеваның тобына қосылды.
"Денені түршіктіретіндей қатысушы қашан келеді деп күтіп едім. Міне, осы сәт мен үшін туды. Мен сіз секілді дара, талант, оның үстіне ана, барлығына үлгеріп жүрген нағыз әйелді күттім", – деп жоғары бағалады Маржан Арапбаева.

29 қыркүйек 2021 ж. 10 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 749

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031