» » Eurovision-2019 байқауында Нидерланды әншісі жеңімпаз болды

Eurovision-2019 байқауында Нидерланды әншісі жеңімпаз болды


Израильдің Тель-Авив қаласында Eurovision-2019 ән байқауының гранд-финалы өтті. Гранд-финалда14-17 мамыр аралығында болған жартылай финалдық екі іріктеу кезеңінен өткен 26 елдің әншілері бақ сынады.

Халықаралық байқаудың ақтық сынын қазақстандықтар «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалады. Эфир сағат 01:00-де басталып, төрт сағатқа жалғасты.
41 елден сайланған қазылар алқасының бірлескен шешімі және көрермендердің дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталды. Әділқазылар белгіленген 12 ұпайды қай елге беретінін бір күн бұрын шешіп қойса, көрермендердің дауысы тікелей эфирде қабылданды.
Қазылардың шешімі құпияда сақтала отырып, Еуропалық хабар тарату одағына жолданады. Кейін ол гранд-финалдың эфирінде жарияланып, телекөрермендердің дауысымен қосылып есептеледі.
Беларусьтың қазылар алқасының шешімі құпиялылықтың сақталмауынан жарамсыз болып танылды. Дегенмен бұл елдің халқы байқаудағы өз фавориттеріне балдарын бере алды. Нәтижесінде 492 ұпаймен Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңімпаз атанды. 465 балл жинаған италиялық әнші Махмуд – екінші, 369 ұпай алған Ресей әншісі Сергей Лазарев үшінші орыннан көрінді. Нидерланды Eurovision байқауында соңғы рет 1975 жылы жеңіске жеткен болатын.


19 мамыр 2019 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930