» » Шакираның Бішкектегі концерті: Билеттердің 80 пайызын Қазақстан азаматтары сатып алды

Шакираның Бішкектегі концерті: Билеттердің 80 пайызын Қазақстан азаматтары сатып алды

Сурет: Legion-Media

Әлемге әйгілі әнші Шакираның Бішкектегі концертіне билеттер сатыла бастады. Алғашқы күннің өзінде 22 елдің тұрғындары 13 мыңнан астам билет сатып алған. Шетелдік сатып алушылар арасында билеттердің 80,01 пайызы Қазақстан азаматтарына тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғызстан Президенті Іс басқармасының мәліметінше, алғашқы күнгі барлық сатылымның 77,32 пайызы Қырғызстан тұрғындарына тиесілі болса, 22,68 пайызы шетелдік сатып алушыларға сатылған. Шетелдік сатып алушылар арасында Қазақстаннан кейін Ресей – 13,08 пайызбен, Өзбекстан – 3,8 пайызбен тұр. Қалған 18 елдің үлесі 3,1 пайызды құрады.
Яғни алғашқы күнгі сатылымда шамамен әр бесінші билет Қазақстаннан сатып алынған. Билеттерді АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай және Ұлыбритания тұрғындары да алған.
Еске сала кетейік, Шакираның концерті 18 қазанда Бішкек Аренасында өтеді. Бұл әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті болмақ.

03 қазан 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031