Мәслихаттар сайлауы
» » Месси Испанияның тағы бір футбол клубын сатып алуы мүмкін

Месси Испанияның тағы бір футбол клубын сатып алуы мүмкін

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Эльденсе» клубын сатып алуға алдын ала келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Marca басылымының мәліметінше, аргентиналық футболшы клубтың 100 пайыз акциясын сатып алуды жоспарлап отыр. «Эльденсе» Аликанте провинциясындағы Эльда қаласында орналасқан. Клубты сатып алу туралы келісімге соңғы заңды және келісімшарттық рәсімдер аяқталғаннан кейін, жақын күндері қол қойылуы мүмкін.
Команданың жағдайы әзірге мәз емес. Өткен дүйсенбіде клубтың бас бапкері Клаудио Барраган қызметінен босатылған. Ол Испанияның екінші дивизионында осы маусымда отставкаға кеткен алғашқы жаттықтырушы атанды. Бапкерсіз клуб чемпионаттың төрт турында небәрі екі ұпай жинаған.
«Эльденсе» Мессидің футбол клубтарына салған инвестицияларының жалғасы болмақ. Биыл ол Испанияның төртінші дивизионында ойнайтын «Корнелья» клубын сатып алған болған болатын
Айта кетейік, Месси бұған дейін Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол Аргентина құрамасымен 2022 жылы әлем чемпионы атанып, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогін жеңіп алды. Месси ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соғып, Аргентина тарихындағы ең көп матч өткізген футболшы атанды.
09 қыркүйек 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 316
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 459

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30