» » Еуропа Қытайдың автокөлігіне шектеу қояды

Еуропа Қытайдың автокөлігіне шектеу қояды

Сурет: Envato Elements
Еуропалық Одақ Қытайдан келетін автокөлік импортына шектеу қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Бірақ, бұл туралы Еуропалық Одақ ресми түрде ештеңе жарияланған жоқ.
Жоспарға сәйкес, альянсқа мүше елдер ЕО, Жапония мен Оңтүстік Кореяның автокөлік өндірушілеріне түрлі жеңілдіктер ұсына алады. Мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияда шығарылған көліктерді субсидияға бөлу кезінде еуропалық көліктермен теңестіру көзделіп отыр. Ал Қытайдың автокөлік өнеркәсібі мұндай қолдауға ие болмайды.
Сонымен қатар ЕО, Жапония мен Оңтүстік Корея автокөлік пен аккумулятор өндірісіне қажетті шикізатты бірігіп іздеуді жоспарлап отыр. Бұл Қытайға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы жағдай мүлдем басқаша. Екі ел көлік саласына қан жүгірту үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Мысалы, енді қытайлық компаниялар Қазақстанда көлік сатып қана қоймай, оларды елімізде құрастыратын болады.
Сол сияқты Қазақстан мен Қытай әуе саласында да қарым-қатынасты дамытуды мықтап қолға алды. Мысалы, жақында Қытайдың Urumqi Airlines әуе компаниясы Қазақстанға жаңа рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. 
28 тамыз 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 739
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31