Мәслихаттар сайлауы
» » Криштиану Роналду Өзбекстанда ойнайды

Криштиану Роналду Өзбекстанда ойнайды

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында АФК Элиталық чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеребеде португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының қарсыласы болып Өзбекстанның Ташкент қаласының «Пахтакор» командасы анықталды.
Бірінші матч Ташкентте болады. Осы матчта «Әл-Насрдың» құрамында Роналду ойнауы мүмкін.
Азияның басты клубтық турнирінде «Пахтакор» өз алаңында «Әл-Насрдан» басқа, Иранның «Эстеглял» мен «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» жасақтарымен жасыл алаңға шығады. Ал сырт алаңдағы ойындарда ташкенттіктер «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хилял» мен «Әл-Иттихадпен» бақ сынайды.  
Өзбекстанның тағы бір клубы Ферғана қаласының «Нефтчи» командасы өз алаңында «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хилял» мен «Әл-Иттихадпен» ойнаса, сырт алаңда «Эстеглял», «Әл-Наср» (Роналдудың командасы), «Трактор» мен «Әл-Кадисиямен» кездеседі.
Еске сала кетсек, жақында Роналду «Әл-Наср» мен Роналду футболдағы мансабын қашан аяқтайтынын айтқан еді. Ол келесі футбол маусымында жасыл алаңнан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Ал «Әл-Наср» клубының  қаржылық жағдайын күн өткен сайын қиындап барады деген әңгіме де бар. Клубтың қазіргі қарызы 200 млн доллардан асқан көрінеді. Сауд Арабиясының жетекші спорт басылымы Arriyadiyah-тың хабарлауынша, клуб басшылығына қаржылық жағдай реттелмейінше жаңа ойыншылармен келісімшарт жасауға тыйым салынған.
20 тамыз 2026 ж. 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30